Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 361.15 EUR 414.71
RUB 5.53 CNY 52.07

23 қыркүйек. Туған күн иелері

2018 жылғы 23 қыркүйек 08:08
Поделиться:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 23 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.


23 қыркүйек. Туған күн иелері
ЕСІМДЕР

77 жыл бұрын (1941-2004) жазушы, ақын-аудармашы САИН Алдан дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Еңбек жолын 1958 жылы Алматы теледидар студиясынан бастап, Көкшетау облыстық «Степной маяк» газетінде қызмет істеген. Кейін республикалық теледидар студиясында, Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің жергілікті теледидар мен радио хабарын тарату бас редакциясында, республикалық кәсіподақтар кеңесінің баспасөз орталығында, Қазақстан Жазушылар одағының насихат бюросында қызметкер, Қазақ КСР кітапқұмарлар қоғамында жауапты хатшы, «Қазақтелефильм» студиясында бас редактордың орынбасары міндетін атқарған. Жазушының «Комиссардың өкілі» атты повесі жарық көрген. Жұмағали Саин, Мағжан Жұмабаев, т.б. ақындардың өлеңдерін орыс тіліне аударған.

57  жыл бұрын (1961) хирург, медицина ғылымының докторы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты АРЫН Нұрлан Мұхтарұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1984-1990 жылдары - Алматы қалалық емханасының дәрігері. 1990-1994 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина университетінің ассистенті, доценті. 1994-1997 жылдары - Александр Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми-зерттеу орталығының жетекші қызметкері, 1998-2003 жылдары - осы орталықтың бөлім меңгерушісі. 2003-2005 жылдары - Астана қаласындағы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының «Мейірім» көппрофильді медициналық орталығының бас дәрігері. Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап «Privateclinic Almaty» көпбейімді медициналық орталығы бас директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып істейді. Оның ғылыми жұмыстары соқырішектің іріңдеуі кезіндегі калликринкинин жүйесінің патофизиологиясына, ұлтабар, ішек, өт жолдарының бітелуіне байланысты жасалатын операциялардың ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Ол Қазақстанда алғаш рет балалар бауырының зақымданған бөлшектерін алып тастау (резекция) және асқазаннан жасанды (пластикалық) өңеш жасау операцияларын жүзеге асырды. Сонымен қатар Талдықорған, Түркістан, Павлодар, Астана, Қаскелең, Сарқанд қалаларында, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы, Павлодар облысының Бақал, Көктерек және Ленин елді мекендері тұрғындары үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, балалар мен ересектерге 700-ден астам операция жасаған. Ғалымның 220-дан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 6 монографиясы, 11 әдістемелік ұсынысы және Қазақстан Республикасы мен КСРО-ның 35 авторлық өнертабыс куәлігі бар. «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

42 жыл бұрын (1976) ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігі жетекшісінің орынбасары ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ Ескендір Көпбосынұлы дүниеге келді.

Алматы облысындағы Қапшағай қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, заңгер. 1997 жылдан ҚР Жоғарғы сотында қаржы-шаруашылық бөлімінің аға маманы, іс жүргізу және бақылау бөлімінің референті, сот алқасының консультанты, қылмыстық істер жөніндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2001 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2003 жылдан - ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің бас сарапшысы. 2004 жылдан - ҚР Жоғарғы соты аппаратының кадрлар жұмысы басқармасының бастығы, кадрлар және мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылдан - Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2006 жылғы қарашадан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2011 жылдан бері.

Бөлісіңіз:
MURAǴAT