23 келіден астам гашиш саудалаған Жамбыл облыстық ІІД «Дельта-Жазық» есірткі бизнесімен күрес ауданаралық бөлімінің екі қызметкері ұсталды - ҰҚК

None
None
АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті РФ-ның Есірткілер айналымын бақылау жөніндегі федералдық қызметімен бірлесіп, есірткі тасымалының жолын кесуге бағытталған «Транзит» халықаралық операциясын өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, қарашаның 18-де Павлодар қаласында 32 келіден астам апиын затын алу кезінде Қазақстанның екі азаматы құрықталған. Ал Жамбыл облысы аумағында облыстық ІІД «Дельта-Жазық» есірткі бизнесімен күрес бөлімі қызметкерлерінің «қамқорлығымен» есірткі заттарын сатумен айналысқан топ анықталған. Сондай-ақ қарашаның 19-да 23 келіден астам гашишті сату үстінде  Жамбыл облыстық ІІД «Дельта-Жазық» есірткі бизнесімен күрес ауданаралық бөлімінің екі қызметкері ұсталған.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар