23 қазанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі жұма күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатында «Ауылдық аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың жай-күйі және оларды дамыту перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдаулар өтеді.

11.00-де Қазақстан судьяларының VIII съезі басталады. Форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен онлайн режимде өтеді.

11.00-де ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейіне «Вертикаль» мамандандырылған іздестіру бірлестігінің (Украина) іздеушілері тапқан қазақстандық жауынгер Қайыржан Тікшекеевтің сүйегін табыстау өтеді.

11.00-де Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) парламенттік сайлау қарсаңында Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерді талқылауға арналған онлайн-конференция өткізеді. Онлайн-трансляция Әлемдік экономика және саясат институтының Facebook-парақшасында қолжетімді болады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау барысы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

14.30 -да Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Білім беру ұйымдарының эпидемиялық жағдайдағы жұмыс барысы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Оған Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова қатысады. Онлайн мәслихат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook-парақшасында тікелей эфирде өтеді.

15.00-де Қазақстандағы БҰҰ 75 жылдық мерейтойы онлайн форматта аталып өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде тұңғыш рет орман шаруашылығы сақтау мен жануарлар дүниесін қорғау саласындағы «Елiм-Ай» республикалық сыйлығының жеңімпаздары марапатталады. Шараға Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева қатысады. Шарада «Үздік инспектор», «Үздік орманшы», «Үй жануарларын қорғағаны үшін» және тағы да басқа номинация иелері жарияланады.

17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жаңа ғимаратында белгілі кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Қазақбай Әжібекұлының «Өнер шыңына ұмтылыс» атты жеке көрмесі ашылады.


Соңғы жаңалықтар