23 қазанда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«Қазгидромет» РМК 23 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәрсенбіде ел аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар).

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түсуі ықтимал, солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді.

Қостанай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Қостанай, Ақмола облыстарында көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Түнде Түркістан облысының кей жерлерінде үсік жүреді.

Соңғы жаңалықтар