23 қазан. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 23 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.


null
ЕСІМДЕР 

53 жыл бұрын (1965) ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты  Асқар Ұзақбайұлы МАМИН  дүниеге келді.

Қазіргі Астана қаласында туған.

Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, экономист.

Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінде монтажшы болып бастаған. Қазақстан инновациялық кәсіпорындар одағы директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1996-2000), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі (2000-2002),  «Инком-Астана» ЖШС бас директоры (2002-2003), Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі (2003-2004), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі (2005-2006), Астана қаласының әкімі (2006-2008).

2008 - 2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті болды.

2016 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

1998 жылы - «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы - «Құрмет» орденімен, 2011 жылы - екінші дәрежелі «Барыс» орденімен, 2013 жылы - Француз Республикасының Құрметті легионы орденімен, 2014 жылы - Испания корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші дәрежелі  орденімен марапатталған. 2011 жылы - Астана қаласының Құрметті азаматы,  2012 жылы - Құрметті теміржолшы, 2013 жылы - Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.

98 жыл бұрын (1920-1980) итальян балалар жазушысы, «Чипполиноның басынан кешкендері» кітабының авторы Джанни РОДАРИ дүниеге келді.

77 жыл бұрын (1940) Бразилияның атақты спортшысы, тарихтағы ең әйгілі футболшы, «футбол королі» ПЕЛЕ (шын аты-жөні - Эдсон Арантис ду Насименту) дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар