23 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 23 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10.00-де Үкімет үйінде инвестициялар тарту, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және көлік пен логистика саласын цифрландыру мәселелеріне арналған Үкімет отырысы басталады.

11.00-де Сенатта халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасының үкіметтері арасындағы Ливандағы БҰҰ уақытша күштеріндегі үнді батальоны құрамында бітімгершілік жасау жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша кеңейтілген отырысы өтеді.

11.00-де Мәжіліс депутаттары М.Айсина, М.Ерман, А.Қожахметов, Қ.Мусин және Е.Никитинская қалалық №10 емхананың еңбек ұжымымен кездеседі.

15.00-де Астанадағы №16 орта мектепте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры басталады.

15.00-де Сенатта «Баспана» ипотекалық ұйымының басшылығы «7-20-25» ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша кездесу өткізеді.

АЛМАТЫ

12.00-де ҚазҰМУ-да ТМД елдерінің «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы саяси, ғылыми-зерттеу, білім және тәжірибелік қызмет» тақырыбында ғылыми конференциясы өтеді.

15.00-де Rixos Almaty қонақ үйінде қала мэрлері мен саяси көшбасшылардың саммиті басталады.

16.00-де Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде өнертанушылар, коллекционерлер мен әуесқойлардың ашық пікірталасы өтеді.

Соңғы жаңалықтар