23 қазан күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 қазан күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

12.00-де EXPO көрме орталығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев журналистермен кездесу өткізеді.

13.30-да «Алау» мұз сарайында ҚР Төтенше жағдайлар министрінің кубогына шайбалы хоккейден бірінші турнирдің ашылуы өтеді.

Бұл шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған.

Турнирдің салтанатты ашылуына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, елордалық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы қатысады.

19.00-де «Жастар» театрында У. Шекспирдің «Ханзада» трагедиясының тұсаукесері өтеді.

23.15-те «Хабар» арнасында тележурналистика туралы алғашқы отандық телехикаяның тұсаукесері болады.

Тележоба телевизиядағы жұмыстың қызықты тұстары туралы баяндайды.


Соңғы жаңалықтар