23 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 23 қаңтарда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

09.00-де ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында Астана қаласы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің 38-ші отырысы өтеді.

11.00-де «Нұр әлем» павильонында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді.

16.00-де «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілетті органының қатысуымен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Ақпарат және мәдениет министрлігі, салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысады.

АЛМАТЫ

11.00-де «Медеу» спорт орталығының баспасөз орталығында Ресей мен Қазақстанның туризм индустриясының көшбасшылары «Роза-Хутор» тау шаңғысы курорты және «Шымбұлақ» ынтымақтастығын талқылайды.

11.00-де Еуразиялық банктің филиалында Астана Банкінің төлемдері бойынша брифинг өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында жазушы, драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының және Дүниежүзілік жазушылар одағының мүшесі Ахметжан Аширидің шығармашылық кеші өтеді.

11.00-де «Абылай хан» спорт кешенінде «Ашық есік» жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Ол жоба бойынша Түрксіб ауданындағы 1040 бала төрт айда ағылшын тілін үйренеді. Акцияны «Мен алматылықпын» қоғамдық қозғалысы жүзеге асырғалы отыр.

12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Тұтынушылар Ұлттық Лигасының 2018 жылғы нәтижелері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

14.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Мейірім керуені» республикалық байқауының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Байқауды «Хабар» және «КТК» телеарналарының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастыруда.

КӨКШЕТАУ

11:00-де Сәтпаев көшесі, 1Б мекенжайындағы әкімшілік ғимаратта Ақмола облысы мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметтері өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтеді.

Соңғы жаңалықтар