+7 (701) 759 90 19
USD 414.94 EUR 504.03
RUB 5.59 CNY 64.22
Jańalyqtar

23 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

2021 жылғы 23 қаңтар 05:10
Бөлісіңіз:
23 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 23 қаңтар күні республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар қатты жауатыны күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Шығыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыста желдің күші 30 м/с және одан жоғары көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр Әзербайжан астанасында соңғы 9 жылда болмаған аяз түседі Атырауда бір тәулікте 43 адам жарақат алған

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан жоғары болуы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болжанады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с, күндіз таулы аудандарда 30 м/с және одан аса болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с күшпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Желдің күші 24-29 м/с артатыны күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Ақмола, Қызылорда, облысында, түнде Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-23 м/с артады.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде көктайғақ күтіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT