+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

23 ақпан. Туған күн иелері

2020 жылғы 23 ақпан 08:08
Бөлісіңіз:
23 ақпан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 23 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1930-2019) ардагер ұстаз, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Журналистер Одағының бірнеше дүркін лауреаты Әбілфайыз Ыдырысұлы ЫДЫРЫСОВ дүниеге келді.

Қостанай облысында туған.

Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

1953-1965 жылдары «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде, Қазақ республикалық радио комитетінде редактор, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1965 жылдан қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық етті..

Елімізге еңбектері сіңген журналистер даярлау ісіне сүбелі үлесін қосқан.

«Әуезовке - іңкәрлік», «Біртуарлар болмысы», эсселер жинақтары, «Таңшолпан» роман-хикаясы, «Аңсаған менің әнімсің», «Берік», «Мұхамеди» повестері жарық көрген. Әр жылдары басылып шыққан «Газетті безендіру сыры», «Редактор мен корректорға көмекші құрал», «Фототерім», «Полиграфия өндірісі негіздері» оқулықтары мен оқу құралдары күні бүгінге дейін сұранысқа ие.

Медальдармен марапатталған.

67 жыл бұрын (1953) ақын, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Ғафуұлы ҚАЙЫРБЕКОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтын, Абай атындағы Қазақ педагогика институтының аспирантурасын, КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценарийшілер мен режиссерлер жоғары курсын бітірген.

«Жазушы» баспасында, «Қазақфильм» киностудиясы Көркем және теледидарлық фильмдер шығармашылық бірлестігінде, Қазақ КСР Мәдениет Министрлігінің репертуарлық-редакциялық алқасында, «Қазақтелефильмде», Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының баспа орталығында жауапты қызметтер атқарған. Отызға жуық фильмнің жасалуына атсалысқан. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жөніндегі үш деректі фильмі теледидардан көрсетілген. Асан қайғы, Бұқар, Ақтамберді жыраулардың, Шәкәрімнің өлеңдерін, сондай-ақ көптеген қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған. Тегерандағы (Иран), Дьердегі (Венгрия), Штутгарттегі (Германия) халықаралық кинофестивальдерге қатысқан. Мәскеудегі ТМД елдері І Халықаралық телефорумның дипломанты болған.

Қазақстан Жазушылар одағының, Кинематографистер одағының мүшесі.

60 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүддені қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Айтуұлы НҰРПЕЙІСОВ дүниеге келген.

Тәжік КСР-інде туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер (1985).

Еңбек жолы: Жамбыл облысы Жаңатас қалалық прокуратурасының стажері (1985-1986); Жамбыл облысы Жаңатас қалалық прокуратурасының аға тергеушісі (1986-1991); Жамбыл облысы Луговое аудандық прокуратурасының аға тергеушісі (1991-1992); Жаңатас қаласы прокурорының аға көмекшісі (1992-1993); Жамбыл көлік прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі (1993-1995); Алматы қалалық прокуратурасының жалпы қадағалау бөлімінің прокуроры (01.1996-02.1996); Алматы қалалық прокуратурасының тергеу және жауап алуды қадағалау бөлімі бастығының міндетін атқарушы (02.1996-03.1996); Алматы қалалық прокуратурасының жалпы қадағалау бөлімінің аға прокуроры (06.1996-07.1996); Алматы қалалық прокуратурасының адам және азаматтың құқықтары мен еркіндіктерін сақтау бөлімінің бастығы (1996-1997); Алматы қалалық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары (04.1997-06.1997); Қырғызстан Республикасы «Маймақ» АЭА бас директорының экономикалық қауіпсіздік, құқық мәселелері жөніндегі орынбасары, Талас облысы әкімінің орынбасары (1997-1998); ҚР Бас прокуратурасы департаментінің әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры (02.1998-11.1998); ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуын қадағалау департаментінің әлеуметтік саладағы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің бастығы (1998-2000); ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуын қадағалау департаментінің әлеуметтік саладағы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің бастығы – департамент басшысының орынбасары (2000-2001); ҚР Бас прокуратурасы мемлекеттік органдардағы қызметтің заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары (02.2001-10.2001); Атырау облыстық прокурорының бірінші орынбасары (2001-2002); Астана қалалық прокурорының орынбасары (2002-2005); ҚР Бас прокуратурасы мемлекеттік органдардағы қызметтің заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары (2005-2009); ҚР Бас прокуратурасы тергеудің заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары (2009-2010); ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары (2010-2011); ҚР Бас прокуратурасының тергеудің заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары (2011-2012); Қызылорда облысының прокуроры (2012-2016); Батыс Қазақстан облысының прокуроры (2016-2018).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың желтоқсанында кірісті.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл, «Астананың 10 жылдығына» медальдарымен наградталған.

56 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Шадетханұлы ҚОЖАЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1989); ҚР ІІМ академиясын (2001) бітірген, заңгер.

Алматы облысы мен Алматы қаласында ішкі істер органдарында бірқатар қызмет атқарды. Алматы қаласы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (2004-2007); Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары (2007-2009); Жамбыл облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (2009-2012); ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу комитетінің төрағасы (2012-2014); Павлодар облысы ішкі істер департаменті бастығы (2014-2017); Астана қалалық полция департаментінің бастығы (2017-2019).

Қазіргі лауазымын 2019 жылғы сәуірден бері атқарып келеді.

ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен; «ІІМ еңбегі сіңген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

54 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқық реформа комитетінің мүшесі Балайым Туғанбайқызы КЕСЕБАЕВА дүниеге келген.

Шымкент облысында туған. Талдықорған заң техникумын, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бакалавриатын бітірген.

Еңбек жолы: 1985–1988 жылдары – Шымкент облыстық атқару комитетінің әділет бөлімінде кеңсе меңгерушісі. 1993–1994 жылдары – Алматы қаласындағы «Шахар» архитектура-жобалық кооперативінде іс жүргізуші. 1994–1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңесшісі, бас кеңесшісі, бас маманы, бөлім бастығы. 1999–2002 жылдары – Қызылорда облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары. 2002–2004 жылдары – Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бастығы. 2004–2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің директоры. 2009–2016 жылдары – Қызылорда облысы Әділет департаментінің бастығы. 2016 жылғы 24 наурыздан – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша сайланған, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен және «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

52 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының бірінші орынбасары Руслан Нұртөлеуұлы ШПЕКБАЕВ дүниеге келген.

Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысында туған. Одесса жоғары артиллериялық командалық училищесін (1989); Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жоғары артиллериялық университетін (2003); Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының жоғары академиясын (2011) аяқтады.

Взвод командирінен бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасарына дейінгі офицерлік құрамның лауазымдарында әскери қызмет атқарды. 1989 жылғы шілдеден бастап взвод командирі, батарея командирі, дивизион командирі лауазымдарында қызмет өткерді. 1994 жылғы қазаннан бастап 1995 жылғы қараша аралығында ГФР Бундесвер артиллериялық мектебінде білім алды және әскери практикадан өтті. 1996 жылғы ақпаннан бастап штаб бастығы – армиялық корпус артиллериялық полктің командирі қызметін атқарды. 1997 жылғы желтоқсаннан бастап мотоатқыш дивизиясы артиллериялық полкінің командирі қызметін атқарды. 2003 жылғы тамыздан бастап дивизия командирінің орынбасары – механикаландырылған дивизия зымыран әскерлері және артиллерия басқармасы бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды. 2004 жылғы қарашадан бастап өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы әскер тегінің зымыран әскерлері және артиллерия бастығы қызметін атқарды. 2011 жылғы шілдеден бастап Ұлттық қорғаныс университеті әскери және мемлекеттік басқару факультеті жедел өнер кафедрасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылғы қыркүйектен бастап ҚР ҚК Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаменті бастығының орынбасары - басқарма бастығы қызметін атқарды. 2013 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР ҚК Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы лауазымында қызмет етті. Қазіргі лауазымын 2017 жылғы тамыздан бері атқарып келеді.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен; көптеген медальдармен марапатталған.

52 жыл бұрын (1968) Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Баяндыұлы БЕГІМОВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Екі жоғары білімі бар, 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдады. Мамандығы бойынша өндірістік көлік инженері, персоналды басқару, экономист.

Еңбек жолын «Қарағандыкөмір» бірлестігінің тұрғын-үйді жекешелендіру бойынша бөлім басшысы ретінде бастады.

90 жылдардың соңында Қайрат Бегімов Қарағандының аудандарының бірінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын басқарған. Октябрь ауданының әкімі, Қарағанды қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс атқарған. 2015 жылдың шілде айынан бастап облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болған.

Қазіргі қызметінде 2018 жылдың 22 маусымын бастап.

46 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Жеңісұлы ШОҚЫБАЕВ дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетін бітірген (1996).

Еңбек жолы: ҚР СІМ мемлекеттік хаттама қызметінің референті, атташе, үшінші хатшы (1997-2000); «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы хаттама секторының меңгерушісі (2000-2001); «Қазақтелеком» ААҚ ұйымдастыру-бақылау департаменті директорының орынбасары (2001-2002); «Қазтрансгаз» ЖАҚ менеджері (2002-2003); ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы (2003-2004); ҚР-дың Мысыр Араб Республикасындағы елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы (2004-2007); ҚР СІМ Азия және Африка департаментінде басқарма бастығы (2007-2008); ҚР Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының бас консультанты (2008); ҚР Ыстанбұлдағы (Түркия) бас консулы (2008-2012); ҚР Дубайдағы (БАӘ) бас консулы (2012-2014).

Қазіргі лауазымын 2014 жылғы қарашадан бері атқарып келеді.

45 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Асхат Қанатұлы ҚАЙНАРБЕКОВ дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (1997); Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін (2003); М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (2006); лидерлерді дамыту бағдарламасы бойынша Гарвардтың бизнес мектебін (2007); Колумбия университетін бітірген.

Еңбек жолы: ҚР Сыртқы істер министрлігінің екінші, бірінші хатшысы (1997-2001); Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары (2001-2002); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ менеджері (2002-2003); Милан қаласындағы «ENI» компаниясының қаржы аналитигі (2003-2005); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары (2005-2006); Лондон қаласындағы «Chevron Texaco» компаниясының аналитигі (2006-2007); ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті (2008); «Қамқор Менеджмент» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, бақылау кеңесінің мүшесі (2009-2010); Ақмола облысы әкімінің орынбасары (2010 жылдан); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2017-2019).

Қазіргі лауазымын 2019 жылғы тамыздан бері атқарып келеді.

42 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Жәмила Үсіпжанқызы ӘБДІҚАДЫРОВА дүниеге келген.

«Тұран Университетін» бітірген, заңгер.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының Жинақтау және құжаттама бөлімінің маманы, жетекші маманы, бас маманы, бастығы (2003 – 2013); Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының Жинақтау және құжаттама басқармасының басшысы (2013–2014); Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының Мұрағат қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасының басшысы (2014–2015); Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары (2015-2018).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың тамызында кіріскен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT