+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

23-25 тамызда ХХІ Республикалық Абай оқулары өтеді

2020 жылғы 22 тамыз 15:02
Бөлісіңіз:
23-25 тамызда ХХІ Республикалық Абай оқулары өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 23-25 тамыз күндері «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ХХІ Республикалық Абай оқулары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Абай өсиеті – өскелең ұрпақ үшін айнымас темірқазық Дихан Қамзабекұлы: Президенттің «Семей тезистері» Қасым-Жомарт Тоқаев Абай жылын атап өту не бергенін айтты

Онлайн форматта өтетін Абай оқуларының негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ережеге сәйкес, Абай оқулары үш кезеңде өткізіледі: аудандық (қалалық), облыстық және республикалық.

Абай оқуларының аудандық кезеңіне 13625 оқушы, облыстық кезеңге 1759 оқушы қатысты. Республикалық қорытынды кезеңге 120 оқушы қатысады деп күтілуде.

Абай оқуларының республикалық кезеңі 6 номинациядан тұрады:

1 номинация - «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы.

2 номинация - «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абайдың қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.

3 номинация - «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.

4 номинация - «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.

5 номинация - «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы –оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады.

6 номинация - «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу.

Айта кетерлігі, қатысушылар ақындардың барлық шығармаларын жатқа білуі керек.

Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT