+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

23,2 млн тонна шөп дайындалды – АШМ

2021 жылғы 23 қыркүйек 17:31
Бөлісіңіз:
23,2 млн тонна шөп дайындалды – АШМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 32,8 миллион бастан астам малды қыстан аман-есен алып шығу үшін облыс әкімдіктерімен бірлесіп жем-шөп дайындау жоспары айқындалды. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Ветеринария» мамандығын бітіргендердің  қанша пайызы жұмысқа орналасты Соңғы үш жылда елімізде ветпрепараттардың жартысы импортталған Көтерме-тарату орталықтары жұмысында бірқатар қиыншылықтар бар - сенатор

«Малға беретін екпе шөп алқабы 3,2 млн гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артық. Ал малға жем ретінде берілетін дақылдардың егіс алқабы 2,6 млн гектар. 2021 жылдың 22 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 23,2 млн тонна шөп жиналды. Бұл жоспардың (23,8 млн тонна) 98%-ға орындалғанын көрсетеді. Бұдан бөлек, 1,5 млн тонна (94%) пішендеме, 1 млн тоннадан астам (53%) сүрлем, 2,9 млн тонна (61%) сабан дайындалды», - делінген министрлік мәліметінде.

Биылғы ауа райының қолайсыздығы мал азығы қорын жинауға едәуір қиындық туғызды. Атап айтқанда, құрғақшылықтың кесірінен жайылымдардың басым бөлігі қурап қалды, табиғи шабындық жерлерде де шөп қалың болмады.

«Жағдайды тұрақтандыру үшін Министрлік нақты шаралар қабылдауда. Жем-шөп дайындау мәселелері бойынша жергілікті және орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарға қаржылай көмек көрсетілді. Мәселен, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарындағы жем-шөп сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеуге Үкімет резервінен 3,6 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 1,2 млрд теңге игеріліп, 632 шаруа қожалығы мен 6021 жеке қосалқы шаруашылықтың шығыны төленді. Қызылорда облысына 1,7 млрд теңге бөлініп, оның 1 млрд теңгесі 692 шаруа қожалығының шығынын өтеуге жұмсалды», - деп аталып өткен хабарламада.

Маңғыстау облысының әкімдігі жергілікті бюджеттен шөп пен жем сатып алуға қосымша 5,3 млрд теңге (1,9 млрд теңге – 26 мың тонна шөп сатып алуға және 3,4 млрд теңге – 34 мың тонна жем сатып алуға) бөлді. Мал азығы құнының қымбаттауына байланысты бірқатар облыс әкімдіктері (Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, СҚО, Атырау, Шымкент қ.) жем-шөп сатып алу құнын арзандату үшін жергілікті бюджеттен 13,6 млрд теңге қаржы бөлді. Ақтөбе облысы биыл 6,7 млрд теңге бөліп, облыстың барлық агроқұрылымдарын субсидиямен қамтыды.

Биыл тамыз айының 23-інен бастап малға беретін шөп түрлерін республика аумағынан шығаруға уақытша тыйым салынды. Сондай-ақ малға жем ретінде беретін дақылдар экспортын квоталау жөніндегі бұйрықтың жобасы әзірленді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT