23,1 млрд. теңге инфрақұрылымды жаңартуға, үйлерді газбен қамтуға бағытталмақ - Алматы әкімі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының 2014 жылғы бюджеті 413,4 млрд. теңгені, нақты бюджеті 342,7 млрд. теңгені құрады.

Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиналыста Ахметжан Есімов айтты.

«2014 жылғы қала бюджетінің кіріс және шығыс бөлігі жалпы алғанда 23,1 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл қаржы магистральды желілерді жаңартуға, жеке тұрғын үйлерді газбен қамту, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инженерлік инфрақұрылымды салуға бағытталмақ», - деді ол өз сөзінде.

Қала басшысының айтуынша, шаһардың дамуында Елбасының 27 наурызда өткізген кеңесі үлкен рөл атқармақ. Жиналыс барысында Мемлекет басшысы қаланың дамуына байланысты бірқатар өзекті мәселелерді қозғап, бірнеше хаттамаға қол қойған болатын. Атап айтқанда, бюджетті кезекті нақтылау кезінде қосымша қаражат бөлу жайлы үкіметке тапсырма берілді.

«Ендігі кезекте алғашқы қарқынды жоғалтып алмай, қаламызды дамыту, көркейту жолында одан әрі белсенді еңбек ету керек», - деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар