Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

225 мың медицина қызметкерінің жалақысы 30% өседі - Елжан Біртанов

2019 жылғы 16 наурыз 12:47 467
Бөлісіңіз:
225 мың медицина қызметкерінің жалақысы 30% өседі - Елжан Біртанов

 АҚТАУ. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Жаңаөзендегі медициналық ғимараттарды аралап, ақ халаттылармен кездесті, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр алдымен, балалар ауруханасына барды. 2017 жылы пайдалануға берілген ғимарат 95 кереует орынға есептелген. Тағы 30 орын қосуға мүмкіндік бар.

Одан соң, 2018 жылдың сәуір айынан бастап іске қосылған Гемодиализ орталығын аралады. Нысан мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында қызмет көрсетеді.

225 мың медицина қызметкерінің жалақысы 30% өседі - Елжан Біртанов

Медицина қызметкерлері жалақыны арттыру мәселесіне қатысты сұрақтар қойды. Сондай-ақ олар елді мекендерде мамандардың тапшылығын жеткізді.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі 1 шілдеден бастап республикада 225 мың медицина қызметкерінің жалақысы 30 пайызға көтерілетінін атап өтті.

«Айта кетейін, 90 мыңнан астам медбикенің жалақысы өсетін болады. Оның ішінде айлығы ең төмен саналатын медицина қызметкерлері мен орта деңгейдегі басқа қызметкерлер де бар. Сонымен қатар, «Бастауыш медициналық көмек көрсету жүйесіндегі» емхана дәрігерлері, акушер-гинекологтар, педиатрлар мен дәрігерлердің еңбекақысы артады. Бұл жұмыстар Елбасының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады», - деді Елжан Біртанов.

Қалалық ауруxана қызметкерлері Президент міндеттеген тапсырмалар бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.


225 мың медицина қызметкерінің жалақысы 30% өседі - Елжан Біртанов
225 мың медицина қызметкерінің жалақысы 30% өседі - Елжан Біртанов

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT