22 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер құрықталды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола полицейлері 22 жыл бойы іздеп жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Ресей полициясы Челябинск облысына қарасты Новозлатоуст  қаласында 22 жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандықты ұстаған. Қылмыскер мемлекетаралық "Іздеу" арнайы операциясы барысында қолға түскен.

"Қылмыскер 1995 жылы жергілікті ЖШС-лардың бірімен 4 миллион теңгеге 12 "Жигули" автокөлігін жеткізіп беремін деп келісімшарт жасасқан. Кейін қолына ірі көлемде ақша тиген соң ізін суытқан. Сол кезде, полицейлер оның ел аумағынан тыс шығып кеткенін анықтаған. Қазіргі уақытта ұсталынған адамның жауапкершіліктен құтылып кетпеуі үшін қылмысқа қатысты тиісті материалдар жинақталуда», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері Ақмола облысының полицейлері қашып жүрген 100-ден астам қылмыскерді ұстады.

Соңғы жаңалықтар