22 желтоқсанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-'пидемиологиялық жағдай, энергетика саласын дамыту мәселелері қаралады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді.

10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Ш. Ибраевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Абай феноменологиясы: эстетикасы мен прагматикасы» тақырыбында халықаралық кеңейтілген дөңгелек үстел өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жолдау аясында Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру және 2021 жылдың қорытындылары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова. Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Баспана сатып алу үшін «Отбасы банк» АҚ депозиттеріне зейнетақы қорынан қаржы аудару туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова. Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook

15.00-де ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаровтың «Балуан тас. Балуандар мен күрес өнеріне байланысты аңыз-әфсаналар, қисса-дастандар, ел аузындағы әңгімелер (тарихи деректер)» атты екі томдық авторлық жинақ кітабының тұсаукесері өтеді.

15.00-де Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінде Adal республикалық саяси партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

15.00-де Ұлттық академиялық кітапханада дәстүрлі «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби онлайн-додасының жеңімпаздары марапатталады. Конкурсты «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы бесінші рет ұйымдастырып отыр.

19.00-де Qazaqstan орталық концерт залында «Жұлдыздар шеруі» киноконцерті өтеді.


Соңғы жаңалықтар