22 жастағы тараздықтың пәтерінен кептірілген марихуана табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – «Қарасора» кең ауқымды шарасы барысында Тараз қаласының 22 жасар тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ер адамның Тараз қаласының «Самал» мөлтекауданындағы жалдамалы пәтеріне тінту жүргізілген.

Оның барысында сот-химиялық сараптама қортындысына сәйкес, жалпы салмағы бір келі 740 гр құрайтын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

«Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі, яғни аса ірі мөлшердегі есірткіні заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы қылмысты жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды» делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар