22 жастағы «Қырғызстан аруы» обырдан көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мисс Қырғызстан-2013» титулының иегері 22 жастағы Жібек Нүкеева ұзаққа созылған дерттен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл туралы айту маған өте ауыр. Бүгін «Мисс Қырғызстан» титулының иегері Жібек Нүкеева қайтыс болды. Ол небәрі 22 жаста. Жібек ақжарқын, әдемі қыз біз алғаш танысқан күні-ақ өзінің салмақтылығымен, нәзіктігімен тәнті еткен еді. Дертінің ауырлығына қарамастан өмірден үмітін үзбей Италия, Түркия, Израилдің танымал клиникаларында ем қабылдады. Ол өмірді шексіз сүйді, - деп жазды қоғамдық белсенді Ассоль Молдокматова өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

БАҚ таралған мәліметтерге қарағанда, Қырғызстан сұлулық байқауының жеңімпазы және "Әлем аруы - 2013" қатысушысы Жібек Нүкеева соңғы жылдары ұзаққа созылған қатерлі ісікпен ауырды. Оған ауруы туралы диагноз 2016 жылы қыркүйекте жүктіліктің жетінші айында қойылған. Ауруына қарамастан Жібек өмірге Иман атты сәби алып келді.

Соңғы жаңалықтар