+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

22 тамызда ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

2019 жылғы 22 тамыз 06:31
Бөлісіңіз:
22 тамызда ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22 тамызда атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, орталықта, шығыста жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет алдағы үш күнгі ауа райы болжамын ұсынды Синоптиктер бес өңірде ескерту жариялады Батыс Қазақстанда жел күшейіп, найзағай ойнайды

Алматы, Павлодар, күндіз Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл, Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл тұрады. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Павлодар, Атырау облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT