+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

22 тамыз. Туған күн иелері

2019 жылғы 22 тамыз 08:08
Бөлісіңіз:
22 тамыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 22 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


62 жыл бұрын (1957) «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, Қазақстанның «Еңбек Ері» Юрий Владимирович ПЯ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген.

1981 жылы алғашқы еңбек жолын Тула қалалық ауруханысынан бастаған. 1982-1984 жылдары Бішкектің Фрунзе қаласындағы №3 балалар ауруханасында жұмыс істеді. 1984 -1985 жылдары Қырғызстандағы Корея республикалық ауруханасында кардиохирург. 1985-1994 жылдары Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы кардиохирургия және терапия орталығында кардиохирург болып жұмыс істеген. «Sani Konukoglu» медициналық орталығының қызметкері, Түркия (1994-2003).

2003 жылы Қазақстанға оралып, Ұлттық ғылыми медициналық орталығының кардиохирургиялық клиникасында жұмысын бастаған. 2010 жылдан қазіргі қызметінде.

2012 жылдың тамыз айында Қазақстанның Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының тарихында Юрий Пя алғаш рет Чех әріптесі Жан Пирканың көмегімен созылмалы жеткіліксіздігі бар донорлық жүректі жүрекке ауыстыру операциясын жасады.


60 жыл бұрын (1959) ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы Мұхтар Ақатұлы АЮБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын, Минск қаласындағы СССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары курсын бітірген. Алматы облысы Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Қазақ ССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Шымкент облысы бойынша басқармасының жедел уәкілі қызметтерін атқарған. 1991-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Талдықорған облысы бойынша басқармасының жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, хатшылық бастығы. 1995-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жеке күзетінің бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бастығы. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің 1-ші департаменті бастығының орынбасары. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары. 2004-2006 жылдары - Республикалық гвардия қолбасшысының бірінші орынбасары. 2006-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы. 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметін атқарды. 2014-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Нысандарды қорғау қызметінің бастығы болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың маусымынан.

2-ші дәрежелі «Айбын» және «Даңқ» ордендерімен, медальдармен марапатталған.


36 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Ғани Сақтағанұлы НЫҒЫМЕТОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында туған.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, халықаралық қатынастар маманы (2005); Монтерей халықаралық зерттеу институты («Болашақ» бағдарламасының стипенлиаты), Монтерей, Калифорния, АҚШ, мемлекеттік басқару магистрі (2007); Назарбаев Университеті және Дьюк Университеті (АҚШ), Жоғары бизнес мектебі Астана қаласы, іскерлік әкімшілендіру магистрі (2014); Колумбия университеті, бизнес-мектеп және т.б.

Еңбек жолы: БҰҰ Даму бағдарламасы ТҚҚ ДБ штаб пәтерінде тағылымдамадан өтуші (02.2007-07.2007); ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк жанындағы ұлттық талдау орталығы» АҚ мемлекеттік басқару департаменті жобасының менеджері (2007-2009); «Назарбаев Университеті» халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2009-2012); Назарбаев Университеті «Энергетикалық зерттеу орталығы» бас директорының орынбасары (01.2012-11.2012 «Nazarbayev University Research and Innovation System» (Chief Business Development Officer) бизнесті дамыту жөніндегі бас директор (2012-2013); ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті (2013-2016); «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директоры (2016-2017). 2017-2018 жылдары Еуразиялық интеграция институтының директоры, 2018-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың шілдесінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT