Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 352.54 EUR 415.15
RUB 5.31 CNY 51.53

22 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2018 жылғы 22 тамыз 07:00
Поделиться:

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 22 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

22 тамыз, СӘРСЕНБІ 

Ресей Федерациясының Мемлекеттік туы күні

Қазіргі көк-ақ-қызыл жолақты Ресей туы 1994 жылғы тамыздың 22-сінде мемлекеттік нышанға айналған. Ол туралы Жарлыққа сол кездегі Ресей Президенті Борис Ельцин қол қойған. Алғаш рет бұл түстерді Ұлы Петр алыс қашықтықтан көрінетін болғандықтан, белгі ретінде пайдаланған екен. Кейіннен Бірінші Петр оны Әскери флот туы ретінде бекіткен. Содан соң, ақ-көк-қызыл жолақты ту Ресей сауда флотының туы ретінде бекітіліп, сонымен бір мезгілде ол Ресей мемлекетінің нышанына айналды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1832 жылы Ақмола сыртқы округі мен Ақмола дуаны құрылды. Округтің орталығы Есіл өзенінің жағалауындағы Қараөткел шатқалында орналасқан Ақмола бекінісі (1845 жылдан бастап Ақмола станицасы) болды.

1909 жылы Уфа қаласында ақын Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы басылып шықты.

1989 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Тіл туралы» Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасында қазақ тілі - мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Бұл Заң 1990 жылғы 1 шілдеде күшіне енді.

2002 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ф.Пиаджезиді, Қазақстан мен Италия арасындағы достық қарым-қатынастың дамуына қосқан үлесі үшін, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

2005 жылы Павлодар облысы Май ауданының Бозкөл ауылында тәулігіне 10 мың дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды.

2006 жылы Ақтөбеде Жамбыл көшесі бойындағы паталогоанатомиялық бюросы ғимаратында медицина ғылымының докторы, профессор Саламат Ахметқалиевке арналған ескерткіш тақта орнатылды.
Саламат Ахметқалиев (1936-2005) Ақтөбе медицина институтын бітірген, сосын ассистенттен кафедра меңгерушісіне дейін өскен. 1997 жылы практикалық медицина саласына өтуіне байланысты, ол бiртұтас паталогоанатомия бюросын құрып, сол саланың дамуына өз үлесін қосты.

2007 жылы Алматыда, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайында тұңғыш рет үйлену тойының сәнді киімдер үлгісінің көрмесі болып өтті.

Көрменің мақсаты - қазақстандықтарды үйлену тойының сәнді киімдер үлгісін тігетін жетекші өндірушілермен таныстыру, шығармашылық және іскерлік қызығушылықты біріктіру, осы саладағы кәсіби тәжірибені алмастыру және жаңа ұтымды келісім шарттарға қол қою.
Шара аясында сәнді киім үлгілерінің шеруі және кішігірім концерт болды.

2009 жылы Мәскеуде, Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігінің резиденциясында белгілі журналист, «ҚазАқпарат» агенттігінің меншікті тілшісі Сара Нұрғалиеваның «Теңдік белгісі» кітабы таныстырылды.

Деректі повесть қазақстандық ғарышкер, Ресей Батыры және Қазақстанның Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевқа арналған. Басылымның алғашқы таралымы 5 мың дана болды. Кітап жоғары және орта оқу орындарына, кітапханалар мен мұражайларға таратылды.

2011 жылы   Астанада  елордалық гарнизон базасында «Барыс» түнгі іздеу тобы құрылды.   

2011 жылы ҚР Ұлттық банкі «Әл-Фараби» (алтын) және  «Алдар-Көсе» (күміс) естелік монеталарын айналымға шығарды.

2012 жылы  Қазақстан Репсубликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл елдер арасында дипломатиялық қатынас орнаған 20 жылдағы ҚР Президентінің алғашқы мемлекеттік сапары болды.

2012 жылы жиырма бес жастағы қазақстандық скрипкашы Ержан Құлыбаев Буэнос-Айресте Халықаралық байқаудың бірінші жүлдесін иеленді.

2013 жылы Атырауда, Таумыш Жұмағалиевтің үйінде ескерткіш тақта орнатылды. Таумыш Жұмағалиев - геология-минерология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген геолог барлаушысы, ғалым, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Геологқа 1976 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Теплов-Токарев кенін ашқаны үшін Мемлекеттік сыйлық берілген.

2014 жылы Ақтөбеде «Шалқар-Бейнеу» теміржол учаскесінің құрылысы аяқталды. Ол «Жезқазған-Бейнеу» магистралінің құрамына кіреді.

2014 жылы Алматыда КСРО халық әртісі,  опералық әнші Ермек Серкебаевтың  мемориалдық тақтасы ашылды.

2015 жылы Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция болды. Онда Қазақстан мен Түркияның екіжақты қарым-қатынастары тарихына, Қазақстандағы айтулы оқиғаларға арналған фотокөрме ұйымдастырылды.

2015 жылы ШҚО Қатонқарағай ауданы Қарақаба жазығында Халықаралық түркі академиясы ұйымдастырған «Алтай  - алтын бесігім» атты алғашқы халықаралық археологиялық экспедиция аяқталды.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Президент Анджей Дуданың шақыруымен Польша Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Екі елдің көшбасшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көліктік, мәдени-гуманитарлық салада ынтымақтастықты нығайту жолын талқылады.

2016 жылы Алматыда, мұрайжай үйде мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, академик, ҚазКСР бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған «Ел ағасы - мәңгі Ел есінде» фотоэкспозициясы ашылды.

2016 жылы Белградта Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың «Жамбыл. Ұлы дала ақыны» атты кітабы серб тілінде жарық көрді.

2017 жылы Арал маңындағы Қорқыт ата ескерткіш кешенінен қобыздың статуясы табылды. Ғалымдар 40 сантиметр келетін тас мүсінді оғыздар дәуіріне жатқызды. Ол ІХ-Х ғасырларда портты қала Сортөбе орналасқан жерде жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде табылды.

2017 жылы «Атаулы күндер» сериясымен «Алтын сарбаз» Қазақстан Республикасының алғашқы пошта маркасына 25 жыл» тақырыбындағы пошта маркалары айналымға шығарылды.

Пошта маркасында 1969 жылы Алматы маңындағы Есік қорғанында қазба жұмыстарын жүргізу кезінде табылған сақ жауынгері бейнеленген. Ғалымдар бұл қабірдің біздің дәуірімізге дейінгі V-VI ғасырларға жататынын айтады. 

1864 жылы соғысып жатқан армиялардың жараланған солдаттарына көмектесу жөніндегі Женева конвенциясына 16 мемлекет қол қойды. Конвенция соғыс кезінде әскери госпитальдар мен медицина қызметкерлеріне ешкім тимейтіндеріне кепілдік етті. Олардың ерекшелік белгісі - ақ матадағы қызыл крест. Осылайша Қызыл Крест ұйымы дүниеге келді.
1989 жылы Литва Жоғарғы кеңесінің арнайы комиссиясы 1940 жылы Латвия, Литва және Эстония КСРО-ға заңсыз түрде қосылған деген қорытынды жасады.

 

 

Бөлісіңіз:
Мұрағат