+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

22 шілде. Туған күн иелері

2021 жылғы 22 шілде 08:10
Бөлісіңіз:
22 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 22 шілдеге арналған «Туған күн иелері күнтізбесін» ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
23 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі 22 қыркүйек. Туған күн иелері 22 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСІМДЕР

82 жыл бұрын (1939) әнші, Қазақстанның халық әртісі, профессор Лаки Константинович КЕСОГЛУ дүниеге келді.

Грузияның Батуми қаласында туған. Алматы консерваториясын бітірген. 1967 жылдан осы консерватория жанындағы опера студиясында жұмыс істеген. 1972 жылдан Қазақстан теледидары мен радиосының әншісі болды. Осы жылдан бастап ол отандық және бүкілодақтық радио мен теледидар арқылы танылды. Қазір Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс береді.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, САЕ Перифериясының медалімен (2008) марапатталған. «Тарлан» жоғары музыкалық сыйлығының иегері.

61 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Сергей Викторович ПЛОТНИКОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Саратов политехникалық институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1982-1985 жылдары – «Востокмашзавод» комсомол комитетінің ауысым шебері, аға шебері, хатшысы. 1985-1986 жылдары – Өскемен қалалық комитетінің екінші хатшысы, Шығыс Қазақстан облыстық ҚЛКЖО хатшысы. 1986-1998 жылдары – «Востокмашзавод» АҚ цех бастығының орынбасары, бас технолог, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы. 1998-2003 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының энергетика, индустрия, телекоммуникация және сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығы. 2003-2007 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі. 2007-2008 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2011-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі. 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана», «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «20 лет МПА СНГ», «25 лет МПА СНГ», «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін», «Теңгеге 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

59 жыл бұрын (1962) М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Дария Пернешқызы ҚОЖАМЖАРОВА дүниеге келді.

Жамбыл қаласында туған. 1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. 1984-1989 ж. Жамбыл педагогикалық институтында оқытушы, 1989-1990 жылдары стажер-ізденуші, 1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты.

1995 жылы «1925-1929 жылдарындағы қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер» тақырыбында кандидаттық, 2010 жылы «Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әсери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас (ХІХ ғ.ІІ ж - ХХ ғ. бас кезі)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1995-2001 жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Тарих» кафедрасының доценті, 2001 жылы педагогика факультеті деканының орынбасары, 2001-2003 жж. «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының меңгерушісі, 2003-2008 жж. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық, жаратылыстану-әлеуметтану ғылымдары, гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеттерінің деканы, 2008-2010 жж. тәрбие жұмыстары және қоғаммен байланыс жөніндегі проректор, 2010-2013 жж. оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, 17.092012-15.11.2012 ж. аралығында ректор міндетін атқарушы қызметтерін атқарды. 2013-2018 жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры. 2018 жылдан бастап қазіргі қызметінде.

ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамоталарымен және Жамбыл облысы Әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.

52 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы Серік Мақашұлы ЖҰМАНҒАРИН дүниеге келді.

1993 жылы Мәскеу энергетика институтын «жылу физикасы» мамандығы бойынша, 1997 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы «Тынай» ШЖК коммерциялық директоры қызметінен бастады. 1994–1995 жылдары «Медкорп» ШЖК директоры болып жұмыс істеді. 1995-1998 жылдары «АСБ» ШЖК бас бухгалтері, директоры болды. 1998–2000 жылдары «Атырау МӨЗ» АҚ өкілдігінің директоры қызметін атқарды. 2000–2003 жылдары «Компания Global» ЖШС коммерциялық директоры. 2003–2004 жылдары – «Батыс Ойл Газ» Корпорациясы» ЖШС бас директоры. 2005–2006 жылдары – Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары. 2006 жылғы сәуірде бастап желтоқсанға дейін – Ақтөбе қаласының Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы. 2006–2007 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары. 2007–2008 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқарма бастығы. 2008 жылғы наурыздан маусымға дейін – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры. 2008 жылғы маусымнан 2010 жылғы сәуірге дейін – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаменті директоры. 2010 жылғы сәуірден маусымға дейін – «Қазақстандық Келісімшарт агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2010 жылғы шілдеден 2011 жылғы қарашаға дейін – «NadLoc» жергiлiктi қамтуды дамыту жөнiндегi ұлттық агенттiгі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 2012 жылғы наурыздан шілдеге дейін – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры. 2012 жылғы шілдеден 2013 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитетінің төрағасы. 2013 жылғы қаңтардан 2014 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі лауазымдарын атқарды. 2014 жылғы тамыздан 2017 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымын атқарды. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі (2017-2019).Еуразия экономикалық комиссиясының Бәсеке және монополияға қарсы реттеу алқасының мүшесі (2019-2020).

Қазіргі қызметінде 2020 жылғы қыркүйектен бастап. «Астананың 10 жылдығы» меделімен марапатталған.

42 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Серғалиұлы АЙДАПКЕЛОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

2001 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың қараша айына дейін ҚР Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығында» РМҚ жұмыс істеді. 2003-2007 жылдары аралығында «Мемлекеттік экспорттық кредиттер және инвестицияларды сақтандыру корпорациясы» АҚ бас маманы, Қаржы департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары «ҚазАгро «ҰҚ» АҚ басқарушы директор. 2008-2009 жылдары «ҚазАгроГарант» АҚ басқарма төрағасы. 2009 жылдың шілдесінен бастап желтоқсанға дейін «Astana Knowledge City» АҚ консультанты. 2009-2011 жылдары ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары. 2011-2013 жылдары ҚР Статистика агеттігінің жауапты хатшысы, 2013-2014 жылдары ҚР Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры. 2015 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды. 2016 -2020 жылдары –Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы.

Қазіргі қызметінде 2020 жылғы қазан айынан бастап.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісімен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT