22 шілде: Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 22 шілде күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

22 шілде, ЖЕКСЕНБІ

ЕСІМДЕР

null 97 жыл бұрын (1921) Ұлы Отан соғысының ардагері, партия және мемлекет қайраткері, құрметті теміржолшы, Тарихи ескерткіштер мен мәдениетті қорғау жөніндегі Қазақ қоғамының құрметті президенті ЖИЕНБАЕВ Сұлтан Сүлейменұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін, Алматыдағы саяси жетекшілердің орынбасарларын дайындайтын курсты бітірген. Алматыдағы «Қазақ мал дайындау» кеңсесінде, одан кейін Қазақстат басқармасында қызмет істейді. 1941 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында жасақталып жатқан 100-ші дербес қазақ атқыштар бригадасының атқыштар ротасына старшина болып тағайындалады, кейін взвод командирі болады. 100-ші дербес атқыштар бригадасы 1942 жылы қарашада Калинин майданында 39-шы армия құрамында сұрапыл соғысқа кірісіп кетеді, сол ұрыста Сұлтан айрықша ерлік үлгісін көрсетеді. 100-ші дербес атқыштар бригадасының Великие Луки, Невель, Ржев маңындағы жерлерді және көптеген елді мекендерді неміс басқыншыларынан азат етудегі ерлік істері тарихтан белгілі. 1944-1950 жылдары Түркістан-Сібір темір жолы жұмысшы жабдықтау басқармасы жүйесінде әр түрлі басшы қызметтерде болды. 1950 жылы КСРО Сауда министрлігінің Мәскеу қаласындағы жоғары сауда курсына жіберіліп, оны үздік бітіреді. 1954 жылдың күзінде Алматы қалалық партия комитетінің әкімшілік, қаржы-сауда бөлімінің меңгерушісі болады. Ал одан бес жылдан соң Алматы қаласының Фрунзе аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады. 1962 жылы Сұлтан Жиенбаев республиканың Сауда министрі болып тағайындалады. Министрлікті басқару барысында 1962-1970 жылдары Сұлтан Сүлейменұлы сауда және көпшілік тамақтандыруды дамыту мен сала қызметін жетілдіруге көп күш-жігерін жұмсайды. Саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сауда қызметін көрсетудің прогресшіл түрлерін енгізуге зор үлесін қосады. Сұлтан Жиенбаевтың өміріндегі белесті кезеңнің бірі оның 1970 жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалуымен байланысты. Ол бұл қызметте 15 жылға жуық еңбек етті. Бұл ретте сауда, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларымен қоса республиканың Қарулы Күштеріне қамқорлық жасаумен айналысты. Орта Азия әскери округінің құрылуына белсенді көмек көрсетті. Округ әскерлерінің оқуы мен тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Ол 1985 жылы Республиканың тарихи және мәдени ескертіштерін қорғау қоғамы Орталық кеңесі президиумының төрағасы болып сайланды және 1988 жылға дейін осы қызметті атқарды. Сұлтан Жиенбаевтың жеке бастамасымен және ғылыми, мәдени және қоғамдық мекемелердің тілектерін ескере отырып, 1992 жылы Дінмұхаммед Қонаев атындағы Халықаралық қор құрылды. Қордың бірінші президенті болып Сұлтан Сүлейменұлы сайланды, қазіргі таңда ол Қордың құрметті президенті болып қызмет атқарады.

Октябрь революциясы, үш Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы және «Құрмет» ордендерімен, екі «Бірінші дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін» медалі, сондай-ақ Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірнеше құрмет грамоталарымен марапатталған.

2016 жылы 25 шілдеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев С.Жиенбаевқа қоғамдық және этносаралық келісімді орнықтыруға, ел халқының бірлігін нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті.

null 79 жыл бұрын (1939) әнші, Қазақстанның халық әртісі, профессор КЕСОГЛУ Лаки Константинович дүниеге келді.

Грузияның Батуми қаласында туған. Алматы консерваториясын бітірген. 1967 жылдан осы консерватория жанындағы опера студиясында жұмыс істеген. 1972 жылдан Қазақстан теледидары мен радиосының әншісі болды. Осы жылдан бастап ол отандық және бүкілодақтық радио мен теледидар арқылы танылды. Қазір Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс береді.



null 72 жыл бұрын (1946-1999) жазушы, ақын МҰХТАРҰЛЫ Сейсен дүниеге келді.

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1971-1982 жылдары - Қазақ Совет энциклопедиясының аға ғылыми қызметкері. 1982-1986 жылдары - «Өнер» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі. 1992-1995 жылдары «Жалын» баспасының аға редакторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұрағаты ғылыми басылымдар бөлімінің бастығы болған. Өмірінің соңғы жылдары Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы болған.

Ақынның  «Құм кескен керуен», «Саптағы сарбаз», «Тағы бір көктем», «Нұр тағысы» өлеңдер жинағы, «500 сұраққа жауап» атты өнертану, зерттеу кітабы, «Шоқан және өнер» атты ғылыми-публицистикалық кітабы және халық суретшісі Қанапия Телжанов туралы тарихи-библиографиялық «Атамекен» повесі жарық көрген.

68 жыл бұрын (1950) «Астана Опера» балет труппасының директоры НҰРҚАЛИЕВ Тұрсынбек Әбдібайұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Қаскелең қаласында туған. Алматы мемлекеттік хореографиялық училищесін, балет әртісі; Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Балетмейстерлік шеберлік» факультетін, режиссер-хореограф мамандығы бойынша бітірген. 1970 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры балетінің жеке орындаушысы. 2000 жылдан бері - К. Байсейітова атындағы ¥лттық опера және балет театрының бас балетмейстері. 2013-2015 - «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, «Астана Опера» бас балетмейстері. Қазіргі қызметінде 2015 жылдан бері. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

null 58 жыл бұрын (1960)  Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты - Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, физика-математика ғылымдарының кандидаты ПЛОТНИКОВ Сергей Викторович дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Саратов политехникалық институтын бітірген.

Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан - Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Екі медальмен марапатталған.

 

null 56 жыл бұрын (1962) ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары СҮЛЕЙМЕНОВ Жанат Қуанышұлы дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. 1984 жылы КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін, ҚР ІІМ академиясын бітірген.

Әр жылдары жедел қызметтерді басқарды, есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция департаменттерінің төрағасы, көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы болып қызмет еткен.

1998 жылдан ҚР Ішкі істер министрлігінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған. ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес департаменті бастығының орынбасары, Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болған. Павлодар облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 

2009 жылдан ҚР ІІМ Есірткі бизнесмен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы, Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы, Криминалдық  полиция комитетінің төрағасы болған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қызылорда облыстық ішкі істер департаментін басқарған.

2017 жылдың желтоқсан айынан бері қазіргі қызметінде.

«ІІМ-дегі үздік қызметі үшін», «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері», «Қазақстан полициясына 15 жыл» төс белгілерімен, «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медальдарымен марапатталған.

null 56 жыл бұрын (1962) Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры ҚОЖАМЖАРОВА Дария Пернешқызы дүниеге келді.

Жамбыл қаласында дүниеге келген. 1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді.

Д. Қожамжарова 1984-1989 жылдары Жамбыл педагогикалық  институтында оқытушы, 1989-1990 жылдары стажер-ізденуші, 1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты.

1995 жылы «1925-1929 жылдарындағы қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер» тақырыбында кандидаттық, 2010 жылы «Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әсери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас (ХІХ ғ.ІІ ж -  ХХ ғ. бас кезі)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

1995-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Тарих» кафедрасының доценті, 2001 жылы педагогика факультеті деканының орынбасары, 2001-2003 жылдары «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының  меңгерушісі, 2003-2008 жылдары Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық, жаратылыстану-әлеуметтану ғылымдары, гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеттерінің деканы, 2008-2010 жылдары тәрбие жұмыстары және қоғаммен байланыс жөніндегі  проректор, 2010-2013 жылдары оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры. 2013-2018 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры.

2018 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.

 ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.

null 49 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі - ЖҰМАНҒАРИН Серік Мақашұлы дүниеге келді.

1993 жылы Мәскеу энергетика институтын «жылу физикасы» мамандығы бойынша, 1997 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы «Тынай» ШЖК коммерциялық директоры қызметінен бастады. 1994-1995 жылдары «Медкорп» ШЖК директоры болып жұмыс істеді. 1995-1998 жылдары «АСБ» ШЖК бас бухгалтері, директоры болды. 1998-2000 жылдары «Атырау МӨЗ» АҚ өкілдігінің директоры қызметін атқарды. 2000-2003 жылдары «Компания Global» ЖШС коммерциялық директоры. 2003-2004 жылдары - «Батыс Ойл Газ» Корпорациясы» ЖШС бас директоры. 2005-2006 жылдары - Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары. 2006 жылғы сәуірде бастап желтоқсанға дейін - Ақтөбе қаласының Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы. 2006-2007 жылдары - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары. 2007-2008 жылдары - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқарма бастығы. 2008 жылғы наурыздан маусымға дейін - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры. 2008 жылғы маусымнан 2010 жылғы сәуірге дейін - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаменті директоры. 2010 жылғы сәуірден маусымға дейін - «Қазақстандық Келісімшарт агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2010 жылғы шілдеден 2011 жылғы қарашаға дейін - «NadLoc» жергiлiктi қамтуды дамыту жөнiндегi ұлттық агенттiгі»  АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 2012 жылғы наурыздан шілдеге дейін - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры. 2012 жылғы шілдеден 2013 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитетінің төрағасы. 2013 жылғы қаңтардан 2014 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі лауазымдарын атқарды. 2014 жылғы тамыздан 2017 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы лауазымын атқарды. 

2017 жылғы қаңтарда ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.

 

null 39 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы АЙДАПКЕЛОВ Нұрболат Серғалиұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

2001 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың қараша айына дейін ҚР Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығында» РМҚ жұмыс істеді. 2003-2007 жылдары аралығында «Мемлекеттік экспорттық кредиттер және инвестицияларды сақтандыру корпорациясы» АҚ бас маманы, Қаржы департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары «ҚазАгро «ҰҚ» АҚ басқарушы директор. 2008-2009 жылдары «ҚазАгроГарант» АҚ басқарма төрағасы. 2009 жылдың шілдесінен бастап желтоқсанға дейін «Astana Knowledge City» АҚ консультанты. 2009-2011 жылдары ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары. 2011-2013 жылдары ҚР Статистика агеттігінің Жауапты хатшысы, 2013-2014 жылдары ҚР Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры. 2015 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2016 жылғы 26 мамырдан бастап - ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісімен марапатталған.

196 жыл бұрын (1822-1884) австриялық биолог, генетиканың негізін салушы Грегор МЕНДЕЛЬ дүниеге келді.

72 жыл бұрын (1946) француз әншісі Мирей МАТЬЕ дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар