22 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 22 шілдеде өтетін маңызды оқиғалар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.30-да Нұр-Сұлтан қаласының жедел медициналық жәрдем станциясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен жедел медициналық жәрдем бригадаларының және стационарлық қабылдау бөлімдерінің IV республикалық жарысы жалауын көтереді.

Сағат 11.00-де Үкімет үйінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев пен «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдос Көбетовтың қатысуымен «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де Достық үйінде Мәскеу – Ташкент – Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр – Пхеньян – Бейжің – Сеул – Мәскеу бағыты бойынша «Бабалар үні – 2019» халықаралық автошеруіне қатысушылардың баспасөз конференциясы басталады.

12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің кешенді жұмысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар