+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

22 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 22 шілде 07:00
Бөлісіңіз:
22 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 22 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Бүкіләлемдік ми күні

Дүниежүзілік неврологтар федерациясы бекітті. Алғаш рет 2014 жылы 22 шілдеде өткізілді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1939 жылы Атырау облыстық өлкетану мұражайы ашылды. Оның қорында өлке, табиғат, мәдениет пен өнер жәдігерлерінің 50 мыңнан астам түрі бар.

1992 жылы Қазақстан мен Украина арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

1993 жылы Қазақстан Республикасы және бұрынғы одақтас республикалардың шаруашылық субъектілерінің арасындағы есептерді реттестіру мақсатында ҚР Министрлер Кабинеті және ҚР Ұлттық банкі Қазақстандағы шаруашылық субъектілеріне шарт жасасып, сауда мәмілелерін іске асыру кезінде бұрын СССР құрамына кірген әр республикада өз қолма-қол ақшасыз рублінің және ұлттық валютасының айналымда болғанын, сондай-ақ олардың қолма-қол ақшасыз «Қазақстан рубліне» айналдырылатын бағамын ескеруді міндеттеді. «Қазақстан рублінің» бағамын Ұлттық банк ресми бағам ретінде белгілеп отырды.

1999 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы авиациясын дамытудағы ерекше үлесі үшін» сыйлығы тапсырылды.

2005 жылы Алматыда Саин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысындағы ең ірі жол айрығы пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

Үш деңгейлі айрық көпір көлік қатынасын 3,5 есе жеңілдетіп, күніне 120000 автомобильді өткізуге мүмкіндік берді.

2009 жылы Атырауда Жайық өзенінің үстімен өтетін жаңа екі көпірді пайдалануға беру салтанатты рәсімі өтті.

Жалпы ұзындығы 800 метр болатын бір көпір «Привокзальный» шағын ауданын әуежаймен жалғастырды. Көпірдегі қозғалыс төрт жолақты, оның тәулігіне 5 мың автомобильді өткізу мүмкіндігі бар. Жолаушылар үшін ені 2,5 метрлік аяқжолдар көзделген.

Екінші көпір «Жилгородок» шағын ауданында қаланың еуропалық және азиялық бөліктерін қосты. Оның жалпы ұзындығы - 693 метр. Ол да тәулігіне кеміне 5 мың автомобильді өткізуге есептелген.

2010 жылы Еңбекшіқазақ ауданының Ақши ауылында темірші Дәркембай Шоқпаров атындағы Қолданбалы өнер музейі ашылды. Бірегей музейдің бір бөлімінде белгілі темірші Д.Шоқпаровтың өз қолымен жасаған бұйымдары, жинаған заттары, оның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, газет-журнал мақалалары, видеофильм дискілері бар.

Д. Шоқпаров – қолданбалы өнердің танымал шебері, этнограф ғалым, ҚР Суретшілері және дизайнерлері одағының мүшесі, Қазақстанның Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.

2011 жылы Қазақстанда алғаш рет Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында экшн жанрындағы ауқымы кең картина – «Охота за призраками» фильмінің түсірілімі болды.

Фильм «MG Production» кинокомпаниясының қолдауымен түсірілді, продюсері – Ернар Мәліков, сценарий авторы және режиссер – Марина Кунарова, қоюшы оператор – Голливудтың 100-ден астам жобасына қатысқан Куртис Петерсон.

2013 жылы «ҚазАқпарат» баспа корпорациясы Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына арнап, оның эксклюзивті таңдамалы шығармалар жинағын шығарды. Оның шығармалары орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да шетел тілдеріне аударылды.

2014 жылы Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы қарым-қатынастың нығаюына қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы» күміс медалі табыс етілді. И. Тасмағамбетов 18 жыл бойы ЮНЕСКО Ұлттық комиссиясын басқарған, ал «Ұлы Жібек жолы» медалі соңғы 20 жыл бойы ешкімге табысталмаған.

2014 жылы Қазақстанның 8 нысаны - Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген, Талғар және Жамбыл облысындағы Ақтөбе Степнинское, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралары тізіміне енгізілді.

2015 жылы Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар тізіміне енгізілді.

2016 жылы «Қазпошта» АҚ «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясының аты аңызға айналған барлаушы, фин және Екінші дүниежүзілік соғыстарға қатысқан жауынгер, белгілі қоғам қайраткері Мұрәлі Шәменовтің 100 жылдығына арналған пошта маркасын айналымға шығарды.

Маркалар офсеттік әдіспен 2 бояумен 105 маркадан тұратын табақ түрінде шығарылды. Марканың өлшемі 26х18 мм. Номиналы – 50 теңге. Таралымы 2 млн дана. Суретшісі – Сергей Маршев.

2016 жылы қоғамдық және ұлтаралық келісімді, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан сүбелі үлесі үшін қоғам қайраткері Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевқа Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы табыс етілді.

2016 жылы Сочи қаласында өткен «Жұлдызды жаз» халықаралық фестивалінде көкшетаулық вокалшылар өздері қатысқан жас санатында бірінші орынды иеленді. Зәуреш Мергенбай, Камила Мусинова және Адай Жақия «Эстрадалық вокал» аталымында өнер көрсетіп, үшеуі де өздерінің жас санаттары бойынша үздік атанды. Фестивальға 11 аталым бойынша 200-ден астам өнерпаз қатысты.

2016 жылы «Еуразия» ХІІІ Халықаралық кинофестивалінің ұйымдастыру комитеті «Кинематограф өнеріне қосқан үлесі үшін» сыйлығын бекітті. Осынау жоғары награда қазақ өнерінің аты аңызға айналған жұлдызы, халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға табысталды.

2017 жылы Астанада «Еуразия» халықаралық кинофестивалі аясында алғаш рет Eurasia Film Market кино нарығы ұйымдастырылды. Оған ТМД, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Еуропа және Американың фильм сатушылары мен сатып алушылары келіп қатысты. 2012 жылы «InternationalFilmGuide (Ұлыбритания) Халықаралық «Еуразия» кинофестивалін ең үздік 35 әлемдік кинофестивальдердің тізіміне қосты.

2017 жылы Түркияның Қара теңіз жағасындағы Самсун қаласында әлемнің 97 елінен жиналған 3105 спортшы арасындағы ХІІІ Сурдлимпиада ойындары басталды. Қазақстан атынан жарысқа қостанайлықтар – мүкіс спортшылар арасындағы 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Данияр Ескендіров пен Қанат Қоңқабаев қатысып, қола медальды иеленді.

2017 жылы Қазақ мемлекеттік циркі қазақ ертегілерінің желісі негізінде соңғы 30 жылда алғаш рет ерекше гастрольдік «Ер Төстік» қойылымын сахналады.

Қойылым Астанада өткен Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне орай ұйымдастырылды. Ол жаңа технологиялардың пайдаланылуымен ерекшеленді.

2018 жылы қазақтың танымал ақыны, әншісі әрі композиторы Естай Беркімбаевтың ұрпақтары Екібастұздағы музейге оның жеке заттарын табыстады. 1939 жылы Естай Алматыда Жазушылар одағының отырысына қатысқан кезде екі чемодан сатып алған. Соның бірін немересі Зекен апайға, екіншісін немере ағасы Қыздарбек атаға сыйлаған. Қыздарбек атаның немерелері чемоданды музейге әкелді.

Естай Беркімбаев (1874-1946) - қазақтың танымал ақыны, әншісі әрі композиторы, Қазақстан Композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі (1939), Қазақ ССР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939).

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT