Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.98 EUR 428.70
RUB 5.64 CNY 53.48

22 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

2018 жылғы 22 шілде 07:00
Поделиться:

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 22 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

22 шілде, ЖЕКСЕНБІ

Әзербайжанның ұлттық баспасөз күні

Осы күні елдің алғашқы басылымы - «Экинчи» газеті жарық көрген. Бүгінгі таңда Әзербайжанда Баспасөз жөніндегі кеңес құрылып, «БАҚ туралы» заң қабылданған.

Бүкіләлемдік ми күні

Дүниежүзілік неврологтар федерациясы бекітті. Алғаш рет 2014 жылы 22 шілдеде өткізілді.

АҚШ-та ата-аналар күні

Әр жылы шілденің төртінші жексенбісінде атап өтіледі. Мереке 1994 жылы фелералдық деңгейде белгіленді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1822 жылы Ресей империясының «Сібір қазақтары туралы» жарлығы шықты.

1939 жылы Атырау облыстық өлкетану мұражайы ашылды. Оның қорында өлке, табиғат, мәдениет пен өнер  жәдігерлерінің 50 мыңнан астам түрі бар.

1992 жылы Қазақстан мен Украина арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

1995 жылы Қарақалпақ Республикасында Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы кеңінен аталып өтті.

1999 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы авиациясын дамытудағы ерекше үлесі үшін» сыйлығы тапсырылды.

2005 жылы Алматыда Саин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысындағы ең ірі жол айрығы пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

Үш деңгейлі айрық көпір көлік қатынасын 3,5 есе жеңілдетіп, күніне 120000 автомобильді өткізуге мүмкіндік берді.

2009 жылы Атырауда Жайық өзенінің үстімен өтетін жаңа екі көпірді пайдалануға беру салтанатты рәсімі өтті.

Жалпы ұзындығы 800 метр болатын бір көпір «Привокзальный» шағын ауданын әуежаймен жалғастырды. Көпірдегі қозғалыс төрт жолақты, оның тәулігіне 5 мың автомобильді өткізу мүмкіндігі бар. Жолаушылар үшін ені 2,5 метрлік аяқжолдар көзделген.

Екінші көпір «Жилгородок» шағын ауданында қаланың еуропалық және азиялық бөліктерін қосты. Оның жалпы ұзындығы - 693 метр. Ол да тәулігіне кеміне 5 мың автомобильді өткізуге есептелген.

2009 жылы Екібастұзда қуаты айына 300 тонна шикізат дайындап, құрым тері жартылай фабрикатын шығаратын зауыт іске қосылды.

Зауытқа заманауи итальяндық жабдықтар орнатылған. Өнімдер Италия, Испания, Қытай, Үндістан нарықтарына шығарылады.

2011 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

2011 жылы Мемлекет басшысы Н. Назарбаев салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

2012 жылы Бокстан ҚР Ұлттық олимпиада құрамасы Лондонға ұшты.

2013 жылы «ҚазАқпарат» баспа корпорациясы Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына арнап, оның эксклюзивті таңдамалы шығармалар жинағын шығарды. Оның шығармалары орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да шетел тілдеріне аударылды.

2014 жылы Астанада ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиялардың бірінші өңіраралық кеңесі өтті.

2014 жылы Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы қарым-қатынастың нығаюына қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы» күміс медалі табыс етілді. И. Тасмағамбетов 18 жыл бойы ЮНЕСКО Ұлттық комиссиясын басқарған, ал «Ұлы Жібек жолы» медалі соңғы 20 жыл бойы ешкімге табысталмаған.

2014 жылы Қазақстанның 8 нысаны - Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген, Талғар және Жамбыл облысындағы Ақтөбе Степнинское, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралары тізіміне енгізілді.

2015 жылы Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар тізіміне енгізілді.

2016 жылы Орал қаласында алғашқы «Akzhaiyk Invest» инновациялық форумы өтті.

2017 жылы Астанада «Еуразия» халықаралық кинофестивалі аясында алғаш рет Eurasia Film Market кино нарығы ұйымдастырылды. Оған ТМД, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Еуропа және Американың фильм сатушылары мен сатып алушылары келіп қатысты. 2012 жылы «InternationalFilmGuide (Ұлыбритания) Халықаралық «Еуразия» кинофестивалін ең үздік 35  әлемдік кинофестивальдердің тізіміне қосты.

2017 жылы Қазақ мемлекеттік циркі қазақ ертегілерінің желісі негізінде соңғы 30 жыл ішінде алғаш рет ерекше цирктік гастрольдік «Ер Төстік» қойылымын сахналады.

Қойылым Астанада өткен Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне орай ұйымдастырылды. Ол жаңа технологиялардың пайдаланылуымен ерекшеленді. 

 

 

Бөлісіңіз:
Мұрағат