+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

22 сәуір. Туған күн иелері

2019 жылғы 22 сәуір 08:08
Бөлісіңіз:
22 сәуір. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 22 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР



null 91 жыл
бұрын (1928-1990) актер, Қазақстанның халық әртісі Нұрмұхан ЖАНТӨРИН дүниеге келді.

Атырау облысының Махамбет ауданында туған. Ташкент театр өнері институтын бітірген. 1952-1967 жылдары және 1988 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсеткен. 1967-1988 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында актер болған. Актер көптеген спектакльдер мен фильмдерде ойнаған. Ол театрда С.Мұқановтың «Шоқан Уалихановында» Шоқан, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Қодар (осы шығармалар бойынша қойылған фильмдерде де ойнаған), М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пен «Қаракөзінде» Кебек пен Сырым, Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ерінде» Доктор, М.Каорудың «Шығыстағы бір бейбағында» Синтаро, М.Булгаковтың «Жендеттерінде» Мольер, сондай-ақ, У.Шекспирдің «Оттелосы» мен «Макбетінде» Яго және Макбет (соңғысы Қарағанды облысы қазақ драма театрында), А.Пушкиннің «Шағын трагедияларында» Сальери, Барон және Дон Жуан рольдерін сомдап, үздік актерлік шеберлігін танытқан. 1948 жылдан киноға түсе бастаған. Кинодағы алғашқы рөлі «Аласталған Алитет» фильміндегі чукча жігіті - Туматуге. Жантөрин 80-ге жуық фильмге түссе, соның 30-дан астамында басты рөлде ойнаған. Олардың қатарында Ш.Уәлиханов («Оның уақыты келді»), Абылайханов («Атаманның ақыры»), Құрманғазы («Құрманғазы»), Сапар («Сапар құдығы»), Шал («Көлеңкесін қуған шал»), Бейбарыс сұлтан («Сұлтан Бейбарыс»), т.б. бейнелері бар. Режисер ретінде Цой Гук Инмен бірлесіп «Орман балладасы», Н.Жайнақовпен бірге «Медальдің үшінші жағы», «Қара маржан» фильмдерін түсірген. Алматы қаласында Жантөрин атындағы көше бар.


null 54 жыл
бұрын (1965) Ақтөбе облысының прокуроры Марат Жолмағамбетұлы ҚАЙЫБЖАНОВ дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Свердлов заң институтын тәмамдаған (1989).

Еңбек өтілі: Қостанай қаласы прокурорының көмекшісі, стажер (1995-1998); Қостанай қаласы прокурорының орынбасары (1998-1999); Қостанай облысы Қостанай ауданының прокуроры (1999-2000); Қостанай облысы Меңдіқара ауданының прокуроры (2000-2005); Қостанай облысы Лисаковск қаласының прокуроры (2005-2009); қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын бақылау бойынша басқарманың 4-ші кейін 2-ші департаментінің бастығы (2009-2011); ҚР Бас прокуратурасының сотта мемлекеттік мүдделердің өкілділігі бойынша департамент бастығының орынбасары, кейін бастығы (2011-2012). Қостанай облысының прокуроры (2012-2017).

2017 жылдың тамызынан қазіргі қызметінде.


null 31 жыл
бұрын (1988) «Nur Otan» партиясы Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары Евгений Дмитриевич КОЧЕТОВ дүниеге келді.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Экономика магистрі.

2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде сарапшы, кеңесші қызметін атқарды. 2013 - 2014 жылдары - «Цесна» Корпорациясы» АҚ бөлім басшысы. 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін - «Kazakhstan Real Estate Group» ЖШС басқарушы директоры. 2016 жылдың 1 қазанынан 2017 жылдың 12 мамырына дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РМҚК директоры қызметін атқарды. 2009 жылдан бастап «Литер» қоғамдық-саяси газетінің шолушысы. 2015 жылдан бастап «Қазақстан экономикасы» онлайн-журналында және «Информбюро» ақпараттық-сараптамалық порталынде еңбек етті. «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы болды (2017-2018).

2018 жылдың қазанынан бастап қазіргі қызметінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT