22 сәуір күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 22 сәуір күні республиканың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, шанды дауыл, солтүстікте тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғып, екпіні 23 м/с күшейеді. Кей жерлерінде тұман күтіледі.

Маңғыстау, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Атырау, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар