Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64

22 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 22 сәуір 07:00
Поделиться:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2019 жылғы 22 сәуірге арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық Жер күні

Қоршаған ортаны қорғау ісіне бүкіл адамзатты біріктіру мақсатында өткізілетін халықаралық шара ретінде 1990 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1970 жылдан бастап АҚШ-та дәстүрлі түрде өтеді. Жер күнін бекіту туралы бастаманы америкалық саясаттанушы және қоғам белсендісі Гейлорд Нельсон көтерген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1985 жылы Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық мұражайы ашылды.

1997 жылы әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Талдықорған және Торғай облыстары таратылды.

1997 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы күннен бастап Қазақстанда әскери полиция қызметі басталды.

2012 жылы Женевада Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша жұмыс тобының 11-отырысы өтті.  

АҚШ, Қытай, Бразилия, ЕО, Сауд Арабиясы, Түркия, Мексика, Пәкістан, Жапония, Швейцария, Үндістан, Аргентина және т.б. мемлекеттер Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуын қолдады.  

2015 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының залы ашылды. Шара аясында «Менің Қазақстаным» жинағы таныстырылды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы. Алғашқы қадамдар: 1995-1997 жылдар» атты архивтік құжаттарды қамтыған жинақ еліміздегі этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы баяндайды.

2016 жылы Ақтөбеде Венгрияның консулдығы ашылды. Ашылу рәсіміне қатысқан Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Барани Ақтөбе облысына зор қызығушылық танытып отырғандығын айтты.

2018 жылы Бейжіңде қытай ғалымдары мен студенттерінің қатысуымен қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай «Жалынмын мен - жанамын...» атты дөңгелек үстел өтті. Студенттер қазақ және қытай тілдерінде ақын өлеңдерін оқып, лингвист ғалымдар Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, оның қазақ әдебиетіне және қазақ мәдениетінің шетелде мойындалуына ықпалы туралы ойларымен бөлісті.

Бөлісіңіз:
MURAǴAT