22 наурыз күнгі ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 наурыз күні Қазақстанның оңтүстігінде, батысы мен орталығында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын болады. Республиканың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, оңтүстікте екпінді жел, найзағай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с артады.

Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болжанады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар