22 маусымда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 маусым күні Қазақстанда өтетін негізгі шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

9.00-де «Думан» қонақ үйінде тұңғыш рет мейірбике ісі жөнінде Халықаралық конференция өтеді.

9.00-де The Ritz-Carlton қонақ үйінде Орман ландшафтарын қалпына келтіру және Кавказ бен Орталық Азиядағы Бонн бастамасы бойынша министрлердің дөңгелек үстелі басталады.

10.00-де Қазмедиа орталығында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

10.30-да Alanda Hotel мәжіліс залында Қазақстан астанасында өтетін «ТМД аруы - 2018» халықаралық байқауына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

10.45-те ІІМ жетекшілігінің қатысуымен қызметтік парызын өтеу кезінде мерт болған ішкі істер органдарының және ҚР Ұлттық гвардиясының қызметкерлеріне арналған монументке гүл шоқтарын қояды және ІІМ ЖОО-ларының түлектеріне лейтенанттық погондар табысталады.

11.00-де Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықоваға сенім грамоталарын тапсыру салтанаты өтеді.

11.00-де Қазақстанның Польшадағы Елшісі Марғұлан Баймұханның қазақ-поляк қарым-қатынастарының өзекті мәселелері жайлы брифингі өтеді.

12.00-де «Үкімет үйінде» денсаулық сақтау саласын цифрландыру барысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Әділет министрлігінің халыққа есеп беру қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

13.00-де «University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында күйік шалған, туа бітті және жүре пайда болған беттегі және денедегі деформацияларға пластикалық операциялар жасау үшін АҚШ хирургтарының келуіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де ҚР Әділет министрі М.Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтеді. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен медиа білім беруді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық жиналыс өтеді.

15.00-де Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының қорытынды салтанаты, сондай-ақ 2018 жылғы мәдениет, спорт, туризм, тіл салаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты насихаттауға үлес қосқан журналистерді марапаттау рәсімі басталады.

17.00-де Hilton Astana қонақ үйінде Health and Science Center M1 экстракорпоралды ұрықтандыру клиникасының таныстырылымы өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының Журналистер мен сарапшылар клубы кеңейтілген отырыс өткізеді.

09.30-да «Қайнар» академиясында Қазақстандағы психотерапия мәдениеті мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де КазАТС стадионында балалар үйлері арасында «Арманға қарай» футболдан Қазақстан чемпионатының финалы басталады.

15.00-де «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының баспасөз орталығында Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаевтың қатысуымен «Алматы қаласының саябақ аумақтары мен алаңдарын абаттандыру туралы» брифинг өтеді.

19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Ресейдің халық әртісі, «Ресейдің мәңгілік полкі» қоғамдық штабының өкілі Александр Михайловтың қатысуымен тыл батырларына арналған кеш өтеді.

ӨСКЕМЕН

10.30-да облыстық политехникалық колледж базасында IT-орталық ашылады және журналистерге техникалық және кәсіби білім беру саласын дамыту мәселелері бойынша брифинг өтеді.

11.00-де Мұзтау шыңына шығатын халықаралық экспедиция қатысушылары баспасөз мәслихатын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар