+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

22 маусым. Туған күн иелері

2021 жылғы 22 маусым 08:10
Бөлісіңіз:
22 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 22 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
23 шілде: Туған күн иелері 23 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі 22 шілде. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

53 жыл бұрын (1968) Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Амангелді Хайрамұхаммедұлы ХАЛМҰРАДОВдүниеге келді.

1995 жылы - Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін, 2003 жылы - Казақ мемлекеттік заң академиясын, 2015 жылы Алматы менеджмент университетінің Мемлекеттік қоғамдық саясат мектебін тәмамдады, «МВI» біліктілік магистрі ғылыми дәрежесінің иегері.

1990 жылы ішкі істер органдарындағы еңбек жолын Маңғыстау облысы ІІБ шаруашылық бөлімінде - қатардағы полицей, 3-санатты жүргізуші жұмысын атқарудан бастады. 1993-1995 жылдар аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасының учаскелік полиция, Маңғыстау облысы ІІБ шаруашылық бөлімінің аға инженер-инспекторы лауазымдарында қызмет атқарды. 1996-1999 жылдары Маңғыстау облысы Ішкі істер басқармасының шаруашылық бөлімінің автокөлік қызметінің бастығы, ІІБ шаруашылық бөлімінің бастығының орынбасары болды. 1999-2000 жылдары ІІБ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі қызметін, 2000-2006 жылдары Маңғыстау облысы Ішкі істер басқармасы Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы лауазымын атқарды. 2006-2012 жылдары Маңғыстау облысы ІІД Тылдық қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары, әрі аталған басқарманың бастығы,

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарып келді. 2016-2017 жылдары Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы, Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, 2018 жылы Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы болды.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарған.

Маңғыстау облысы бойынша Панкратион Федерациясының Құрметті Президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT