22 маусым. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 22 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

null 63 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңестің мүшесі Рахмет Желдібайұлы МҰҚАШЕВ дүниеге келді.

Көкшетау облысы Чкалов ауданы, Киров селосында дүниеге келген. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы мектебін тәмамдаған, Мәскеудегі КСРО Ішкі істер министрлігі Академиясының басқарудың мәселелерін зерттеу ғылыми Орталығының адъютанты. Заң ғылымының кандидаты, доцент. ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, ҚР МТК-нің құрметті қызметкері. Полковник.

1982-1986 - жылдары КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы мектебінің аға оқытушысы. 1986-1988 жылдары - Қазақстан Компартиясының Қарағанды обкомының әкімшілік органдар бөлімінің нұсқаушысы. 1988-1992 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы мектебінің кафедра меңгерушісі. 1990 - 1994 жылдары - Қазақстан Республикасының ХІІ шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің заңнама, заңдық және құқықтық тәртіп комитеті төрағасының орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасының ХІІІ шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің құқықтық реформа, заңдық және құқықтық тәртіп комитеті төрағасының орынбасары. 1995 жылы - Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және соттық реформалар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті ұйымдастыру-кадрлық департаментінің бастығы. 1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кеңесшісі. 1999 жылы - Қазақстан Азаматтық партиясының сайлау науқаны штабының жетекшісі. 1999 - 2004 жылдары - Қазақстан Республикасының ІІ шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа Комитетінің мүшесі, Қазақстан Азаматтық партиясының Парламенттегі фракциясының жетекшісі. 2004 -2005 жылдары Қазақстан Азаматтық партиясының ОК хатшысы. 2005 - 2006 жылдары - ҚР Әділет министрінің бірінші орынбасары. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы. 2007-2011 жылдары - IV шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «НұрОтан» ХДП фракциясы жетекшісінің орынбасары, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы. 2012 жылдың қаңтар айынан V шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «НұрОтан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болған.

Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың мамырынан.

«Құрмет» (2001 ж.), «Парасат» (2010 ж.) ордендерімен марапатталған.


null 56 жыл бұрын (1963) ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымдағы депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Сергей Адамович ЗВОЛЬСКИЙ туған.

Көкшетау облысы Чкалов ауданының Калиновка ауылында дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын үздік белгімен бітірген.

1985 жылдан - Көкшетау облысы Чкалов ауданы Абай атындағы совхоз бригадасының комбайншысы. 1985-1987 жыдары - Кеңес Армиясы қатарында қызмет өткерген. 1989 жылдан - Көкшетау облысы Чкалов ауданы Абай атындағы совхоздың машина-трактор шеберханасының меңгерушісі. 1989-1995 жылдары - Көкшетау облысы Чкалов ауданы Абай атындағы совхоздың бас инженері. 1995-1998 жылдары - Абай атындағы ұжымдық кәсіпорынның төрағасы. 1998-2016 жылдары - «Звольский С.А.» шаруа қожалығының басшысы. 2003-2011 жылдары - Тайынша ауданы мәслихатының депутаты. 2002-2016 жылдары - «Астық-STEM» ЖШС-ның директоры. 2008-2016 жылдары «Астық-Қараағаш» ЖШС-ның директоры. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен, II дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар