+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

22 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылғы 21 маусым 19:49
Бөлісіңіз:
22 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
15 қыркүйектегі Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдері, волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдындағы есептік кездесуі өтеді. Кездесу ZOOM арқылы министрліктің Facebook және YouTube тікелей эфирінде өтеді. Кездесу барысында Бақыт Сұлтанов министрлік жұмысының негізгі қорытындылары мен жоспарлары туралы айтып береді.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Жамбыл Жабаев саябағында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби ревюі өтеді. Елбасы кітапханасының «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында ұйымдастырылатын шара Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орайластырылмақ.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігімен және Беларусь Ұлттық кітапханасымен бірлесіп, «Лесная поляна» атты кітап-иллюстрациялық көрмесін өткізеді және Ұлы Жеңіске арналған залды ашады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

17.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Салық заңнамасын жетілдіру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT