+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

22 мамыр. Туған күн иелері

2020 жылғы 22 мамыр 08:10
Бөлісіңіз:
22 мамыр. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 22 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1958) «Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Асылбек Базарбайұлы ҚОЖАХМЕТОВ дүниеге келді.

Көкшетау (қазіргі Ақмола облысы) облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін бітірген, Германия, Франция, Ұлыбритания, Бельгия, Голландия, Венгрия, Эстония елдерінің оқыту орталықтарында менеджмент бойынша арнайы оқудан өтті. Қазақстандық және солтүстікамерикандық журналдарда жарияланған менеджмент пен білімді дамыту бойынша 30-дан астам мақаланың авторы.

1980 жылдан - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика кафедрасының оқытушысы. 1989 жылдан - Қазақ республикалық менеджерлер кооперативтік бірлестігінің «Союз» мектебінің оқытушысы, одан кейін директоры. 1990 жылдан - «Алматы менеджерлер мектебі» ЖШС бас директоры. 1998-2002 жылдары - Халықаралық бизнес академиясының президенті. 2009 жылдан бері «Almaty Management University» (Халықаралық бизнес академиясы) президенті. Қазіргі қызметінде - 2018 жылғы маусым айынан бері.

60 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Сәуле Мұханбедианқызы АЙТПАЕВА дүниеге келді.

Торғай облысы Жақсы кентінде туған.1977 жылы - Торғай облысы Жақсы аудандық прокуратурасы кеңсесінің меңгерушісі. 1978 жылы - Торғай облысы Жақсы аудандық комсомол комитетінің машинисі. 1979-1983 жылдары - Р.А.Руденко атындағы Свердлов заңтану университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша оқыды. 1983 жылдан - Целиноград облыстық прокуратурасы Ленин аудандық прокуратурасының тәлімгері. 1984 жылдан - Целиноград қаласы Ленин аудандық прокуратурасының тергеушісі. 1985 жылдан - Ақмола облысы прокуратурасының ішкі істер органдарындағы тергеу мен анықтауды қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры.1988 жылдан - Ақмола облысы прокуратурасы кадрлар жөніндегі прокурордың көмекшісі. 1992 жылдан - Ақмола облысы прокуратурасының ұйымдастыру-талдау бөлімінің прокуроры. 1996 жылдан - Целина көлік прокуратурасының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс жөніндегі аға прокуроры. 1997 жылдан - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының (ҚСжАО) алғашқы есепке алу құжаттарын, есептілік және әдістеме нысандарын әзірлеу және енгізу бөлімінің бастығы. 1998 жылдан - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары - Астана қаласындағы статистика басқармасының бастығы. 1999 жылдан - ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы болды. 2001 жылдан - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары. 2003 жылдан - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.2005 жылдан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2012-2017 жылдары азақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы. 2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2017 жылғы шілдеден бері), Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі (2017 жылғы қыркүйектен бері).

Қазақстан тарихында генерал шенін алған (2013 жылы) алғаш әйел.

«Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» (2001) атағы бар, «Ерен еңбегі үшін» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT