22 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 мамырда Астана мен Алматыда бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылады. Республиканың басқа аймақтарында да қоғамдық маңызы бар оқиғалар болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АСТАНА

10.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы өтеді.

10.00-де №27 мектеп-лицейде Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігі өкілдерінің қатысуымен 2-4 сыныптар үшін «Бағдарламалау негіздері» оқу бағдарламасын енгізу нәтижелері бойынша ашық сабақ болады.

10.00-де оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының ұйымдастыруымен «Жеңістерге бірге» - «Вместе к победам» атты балалардың паралимпиадасы басталады.

10.30-да Chaplin MEGASilkWay кинотеатрында «Қазына Капитал Менеджмент» өміріндегі жаңа кезең туралы БАҚ өкілдерімен кездесу өтеді.

12.20-да Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қызылорда облысындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.

15.00-де Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде өрт қаупі және жүзу маусымының басталуы туралы брифинг өтеді.

16.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қазақ актрисасы Самал Еслямовамен кездесуі өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де The Ritz-Carlton қонақүйінде 15-ші Еуразиялық медиа-форумның аясында кеңесші Шуберт Медиа Тайра Шуберт, журналист, деректі фильмдер авторы, Берлин кинофестивалінің лауреаты Шахида Якуб, саяси қайраткер Бартош Рыдлиньский, Hashtag Our Stories жобасының негізін қалаушы Юсуф Омар және Виктор Елисеевтің қатысуымен авторлық шеберлік сабақтары өтеді.

10.00-де «Өз қалаңды жақсы таны!» жарнама науқаны аясында ботаникалық бақ пен Алматы мұражайына арналған баспасөз турына қатысуға Visit Almaty шақырады. Жиналу орны: Бөгенбай батыр көшесі 81, Зенков көшесінің бұрышы.

10.00-де Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Ретинобластоманы емдеудің органикалық үнемдеу әдістерін енгізу және дамыту» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

11.00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Алматы қаласының тамақ өнеркәсібі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

11.00-де «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 2018 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз брифингін өткізеді.

11.00-де Алматы қаласы оқушылар үйінде (Сейфуллин көшесі, 13/6) Астана қаласының 20 жылдығына арналған этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының гала-концерті өтеді.

12.00-де «Bayan Sulu-2018» Халықтық бейне -халық таңдауы» байқауының аяқталуына орай ұйымдастырушылар, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері елімізге республикалық байқаудың жеңімпазын таныстырады, нәтижелерді қорытындылай отырып, конкурстың құрылу идеясы туралы айтады. Баспасөз брифингі «Азуби» конференция залында өтеді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

14.45-те «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйінде екі тараптың басшылық құрамының қатысумен Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өтеді. Оған екі елдің 400-ден астам кәсіпкерлер қатысады деп күтілуде.

КӨКШЕТАУ

15.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Нығмет Амангелдіұлы Қауашевтың қатысуымен «Ақмола облысының аумағында жедел-алдын алу шараларының қорытындысы туралы» тақырыбында брифинг өтеді.

АТЫРАУ

10.00-18.00 аралығында Ш.Сариев атындағы сәндік-қолданбалы өнер музейінде Астаналық Тәуелсіздік сарайының көрмесі өтеді.

17:30-да Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Жасболат Бержанов және «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» басшысының орынбасары Асқар Айтекеновтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Спикерлер ойын-сауық орталықтарын өрттен сақтау барысында жүргізілген жұмыстар жөнінде және суға шомылу кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде баяндайды.

19.00-де Сұлтан Бейбарыс алаңында «Астанадан ақ тілек» гала-концерті өтеді.

Соңғы жаңалықтар