22 қыркүйек. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 22 қыркүйекке арналған «Тұлғалар туған күн» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

72 жыл бұрын (1950) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтардың лауреаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Несіпбек АЙТҰЛЫ дүниеге келді.

ҚХР Шыңжаң өлкесі Тарбағатай аймағының Шәуешек ауданында туған. 1962 жылы тарихи отанына оралған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1974-1984 жылдары – «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасының редакторы. 1984-1994 жылдары – Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1995-1996 жылдары – «Ақын» қауымдастығының директоры. 1997-2001 жылдары – «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылдан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 2008 жылдан «Алтын тамыр» журналының бас редакторы қызметін атқарды.

Қазіргі таңда Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың директоры. «Балалық» деген алғашқы өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» газетінде, алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрген. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек», «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме», «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, «Ескендір қорғаны» (Ә. Науаи), «Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан. Түріктің VII ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміре, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, итальян ақыны Дж. Родаридың, сондай-ақ М. Исаковский, А. Барто, С. Михалков, С. Баруздин, В. Берестов, Т. Сыдықов, С. Жусуев өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

57 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы мемлекет қайраткері Әнуар Серқұлұлы ЖҰМАДІЛДАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінде білім алған, математик (1990); Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, қаржыгер (2006).

Еңбек жолы: Алматы қ. Қазақ КСР Ғылым академиясының математика және механика институтының стажер-зерттеушісі (1990); П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің аспиранты (1992-1992); Алматы қ. «Фирма Алас» ЖШС коммерциялық директоры (1992-1997); «Алаугаз» АҚ басқарушы директоры, Алматы қ.; «Акцепт-Профиль» ЖШС вице-президенті, «Алаугаз» АҚ президентінің міндетін атқарушы, Алматы қ., «Алаугаз» АҚ президенті (1997-2003); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Орал қ. (Алматы қ. 2005-2008); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым мониторингі және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым мониторингі және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы (10.2008-12.2008); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы (2008-2009); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитеті төрағасының орынбасары (2009-2012); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы (2012-2014); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары (2014-2015); Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы (2015-2017); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы (2017-2019); ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы (2019-2020).Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы (2020-2022).


Соңғы жаңалықтар