22 қыркүйек. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 22 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.


ЕСІМДЕР

71 жыл бұрын (1950) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтардың лауреаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Несіпбек АЙТҰЛЫ дүниеге келді.

ҚХР Шыңжаң өлкесі Тарбағатай аймағының Шәуешек ауданында туған. 1962 жылы тарихи отанына оралған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1974-1984 жылдары – «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасының редакторы. 1984-1994 жылдары – Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1995-1996 жылдары – «Ақын» қауымдастығының директоры. 1997-2001 жылдары – «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылдан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 2008 жылдан «Алтын тамыр» журналының бас редакторы қызметін атқарды.

Қазіргі таңда Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың директоры. «Балалық» деген алғашқы өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» газетінде, алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрген. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек», «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме», «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, «Ескендір қорғаны» (Ә. Науаи), «Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан. Түріктің VII ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміре, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, итальян ақыны Дж. Родаридың, сондай-ақ М. Исаковский, А. Барто, С. Михалков, С. Баруздин, В. Берестов, Т. Сыдықов, С. Жусуев өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

56 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Әнуар Серқұлұлы ЖҰМАДІЛДАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінде білім алған, математик (1990); Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, қаржыгер (2006).

Еңбек жолы: Алматы қ. Қазақ КСР Ғылым академиясының математика және механика институтының стажер-зерттеушісі (1990); П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің аспиранты (1992-1992); Алматы қ. «Фирма Алас» ЖШС коммерциялық директоры (1992-1997); «Алаугаз» АҚ басқарушы директоры, Алматы қ.; «Акцепт-Профиль» ЖШС вице-президенті, «Алаугаз» АҚ президентінің міндетін атқарушы, Алматы қ., «Алаугаз» АҚ президенті (1997-2003); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Орал қ. (Алматы қ. 2005-2008); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым мониторингі және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым мониторингі және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы (10.2008-12.2008); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы (2008-2009); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитеті төрағасының орынбасары (2009-2012); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы (2012-2014); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары (2014-2015); Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы (2015-2017); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы (2017-2019); ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы (2019-2020).

Атқаратын лауазымында – 2020 жылғы тамыздан бастап.

55 жыл бұрын (1966) Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Советәліұлы БОРАНБАЕВ дүниеге келді.

Торғай облысында туған. Қазақ дене шынықтыру мәдениеті институтын дене тәрбиесі оқытушысы мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Торғай облыстық спорт мектебінің бапкер-ұстазы (1989-1991); Алматы қаласындағы БЖСМ-21 бапкер-оқытушысы (1991-1993); «Дека» компаниясының бас директоры (1993-1996); «Алаш» ЖАҚ вице-президенті (1996-1997); «Алтын-Алма» ЖШС бас директоры (1997-1999); «Система» ЖШС вице-президенті (1999-2000); «ҚазТрансГаз» ЖАҚ атқарушы директоры (2000); «Intergas Central Asia» ЖАҚ коммерциялық директоры (2000-2002); «ҚазТрансГаз» АҚ бас директордың орынбасары (2002-2006); «ҚазРосГаз» АҚ бас директоры (2006-2014).

Қазіргі қызметінде 2015 жылғы наурыздан бері.

«Құрмет», ІІ дәрежелі «Аль-Фахр» ордендерімен; медальмен марапатталды.

Президент баспасөз хатшысының орынбасары Дәулетхан ЖИЕНҚҰЛОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Ол КТК, НТК халықаралық «Caspionet» және «31 арнада» қызмет еткен.

2002-2006 жылдары Қазақстан Ұлттық телеарнасының ақпараттық-сараптамалық дирекциясының Алматы қаласы бюросының жетекшісі болған. КТК арнасындағы «Өз сөзім», «Репортер» бағдарламаларының сонымен қатар, мемлекетаралық «МИР» телерадиокомпаниясындағы «Көлденең сауал» және «Қазіргі Қазақстан» бағдарламаларының авторы, жүргізушісі әрі жауапты редакторы қызметтерін аса тиянақтылықпен атқарды.


Соңғы жаңалықтар