+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

22 қыркүйек. Туған күн иелері

2019 жылғы 22 қыркүйек 08:08
Бөлісіңіз:
22 қыркүйек. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 22 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


69 жыл бұрын
(1950) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтардың лауреаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Несіпбек АЙТҰЛЫ дүниеге келді.

ҚХР Шыңжаң өлкесі Тарбағатай аймағының Шәуешек ауданында туған. 1962 жылы тарихи отанына оралған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1974-1984 жылдары - «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасының редакторы. 1984-1994 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1995-1996 жылдары - «Ақын» қауымдастығының директоры. 1997-2001 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. 2008 жылдан - «Алтын тамыр» журналының бас редакторы қызметін атқарды.

Қазіргі таңда Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың директоры.

«Балалық» деген алғашқы өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» газетінде, алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрген. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек», «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме», «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, «Ескендір қорғаны» (Ә.Науаи), «Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан. Түріктің VII ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміре, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, итальян ақыны Дж.Родаридың, сондай-ақ, М.Исаковский, А.Барто, С.Михалков, С.Баруздин, В.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуев өлеңдерін қазақ тіліне аударған.



53 жыл бұрын (1966) Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Советәліұлы БОРАНБАЕВ дүниеге келді.

Торғай облысында туған. Қазақ дене шынықтыру мәдениеті институтын дене тәрбиесі оқытушысы мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Торғай облыстық спорт мектебінің бапкер-ұстазы (1989-1991); Алматы қаласындағы БЖСМ-21 бапкер-оқытушысы (1991-1993); «Дека» компаниясының бас директоры (1993-1996); «Алаш» ЖАҚ вице-президенті (1996-1997); «Алтын-Алма» ЖШС бас директоры (1997-1999); «Система» ЖШС вице-президенті (1999-2000); «ҚазТрансГаз» ЖАҚ атқарушы директоры (2000); «Intergas Central Asia» ЖАҚ коммерциялық директоры (2000-2002); «ҚазТрансГаз» АҚ бас директордың орынбасары (2002-2006); «ҚазРосГаз» АҚ бас директоры (2006-2014).

Қазіргі қызметінде 2015 жылғы наурыздан бері.

«Құрмет», ІІ дәрежелі «Аль-Фахр» ордендерімен; медальмен марапатталды..


32 жыл
бұрын (1987) Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Әсел Аманбекова БАЛМАНОВА дүниеге келген.

Ол Батыс Қазақстан облысында туған. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экология» мамандығымен бітірген (2009).

Еңбек жолы: Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қоршаған ортаны қорғау және мониторингілеу бөлімінің бас маманы (2010-2012); Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ақпарат және құжаттамамен қамту бөлімінің бас маманы, басшысы (2012-2016); Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының құқықтық қамту бөлімінің басшысы (2017); «Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары (2017-2018).

Қазіргі лауазымын 2018 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT