22 қыркүйек. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 22 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null

ЕСІМДЕР

68 жыл бұрын (1950) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтардың лауреаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері АЙТҰЛЫ Несіпбек дүниеге келді. 

ҚХР Шыңжаң өлкесі Тарбағатай аймағының Шәуешек ауданында туған. 1962 жылы тарихи отанына оралған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 

1974-1984 жылдары - «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасының редакторы. 1984-1994 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1995-1996 жылдары - «Ақын» қауымдастығының директоры. 1997-2001 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. 2008 жылдан - «Алтын тамыр» журналының бас редакторы қызметін атқарды.

Қазіргі таңда Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың директоры.

«Балалық» деген алғашқы өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» газетінде, алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрген. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек», «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме», «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, «Ескендір қорғаны» (Ә.Науаи), «Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан. Түріктің VII ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміре, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, итальян ақыны Дж.Родаридың, сондай-ақ, М.Исаковский, А.Барто, С.Михалков, С.Баруздин, В.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуев өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

59 жыл бұрын (1959) Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры ӘМІРБЕКОВ Шәріпбек Ағабайұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақталы ауылында дүниеге келген. С.Киров атындағы ҚазМУ-дің тарих факультетін және Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген. Саяси ғылымдар докторы. 50-ден астам ғылыми еңбегі бар. 1994 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің деканы, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2006-2008 жылдары «Нұр Отан» ХДП партия кеңесінің саяси хатшысы - Орталық аппарат басшысының орынбасары, талдамалық жұмыс департаментінің директоры, 2008-2011 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің деканы, тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған. Осы қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұйымдастыру және кадр жұмысы департаменті директоры қызметін атқарған. «Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры болды. 

53 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы ЖҰМАДІЛДАЕВ Әнуар Серқұлұлы дүниеге келді.

Ол Қызылорда облысында дүниеге келген. 1990 жылы Мәскеудегі П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін (математик); 2006 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін (қаржыгер) бітірген. 1990 жылдан бастап Қазақ КСР ҒА Математика және механика иститутының зерттеушісі. 1990-1992 жылдары - П. Лумумба атындағы ХДУ аспиранты; 1992 жылдан бастап "Алас фирмасы" ЖШС-нің коммерциялық директоры; 1997 жылдан бастап "Алаугаз" АҚ-да басқарушы, "Акцепт-Профиль" ЖШС вице-президенті; 1997 - 2003 жылдары "Алаугаз" АҚ президентінің м.а., "Алаугаз" АҚ президенті; 2005 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары; 2008 жылдың қазанынан бастап желтоқсанына дейін ҚР Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымдар мониторингі мен ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы; 2008 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алкоголь, темекі және өзге де акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру басқармасының бастығы, ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Акциздерді әкімшілендіру басқармасының бастығы; 2009 жылдың сәуірінен бастап ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары; 2012 - 2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы болды; ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары (2014-2015); ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы, ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы (2015-2017).

Қазіргі лауазымын 2017 жылдың қаңтарынан бастап атқарып келеді.

52 жыл бұрын (1966)  Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті БОРАНБАЕВ Қайрат Советәліұлы дүниеге келді.

Торғай облысында туған. Қазақ дене шынықтыру мәдениеті институтын дене тәрбиесі оқытушысы мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Торғай облыстық спорт мектебінің бапкер-ұстазы (1989-1991); Алматы қаласындағы БЖСМ-21 бапкер-оқытушысы (1991-1993); «Дека» компаниясының бас директоры (1993-1996); «Алаш» ЖАҚ вице-президенті (1996-1997); «Алтын-Алма» ЖШС бас директоры  (1997-1999); «Система» ЖШС вице-президенті (1999-2000); «ҚазТрансГаз» ЖАҚ атқарушы директоры (2000); «Intergas Central Asia» ЖАҚ коммерциялық директоры (2000-2002); «ҚазТрансГаз» АҚ бас директордың орынбасары (2002-2006); «ҚазРосГаз» АҚ бас директоры (2006-2014).

Қазіргі қызметінде 2015 жылғы наурыздан бері.

 «Құрмет», ІІ дәрежелі «Аль-Фахр» ордендерімен; медальмен марапатталды..

41 жыл бұрын (1977) «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары БЕКМҰХАМЕТОВ Ғазиз Ерболатұлы дүниеге келді.

Ол Қостанай облысында туған.

Еңбек жолы: Қостанай облысы Қамысты аудандық электр станциясының электр қуатын жоғалтуды сараптау тобының инспекторы (1999-2001); Қостанай облысы, Қамысты АЭЖ ААҚ электр беру желілерінің бас шебері (03.2001-08.2001); Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты а. АЭЖ директоры (08.2001-12.2001); Қостанай облысы, «Қостанайэнерго» ААҚ Қамысты АЭЖ еңбек қорғау және техника қауіпсіздік жөніндегі инженер (2001-2003); Қостанай қаласының «Қостанай электр желісі компаниясы» МКК инженері (2003-2004); Қостанай қаласының «Қостанай электр желісі компаниясы» МКК бас инженері (2004-2005); «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті» ММ бас маманы, «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» ММ бөлім басшысы (2005-2009); «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» ММ басшысының орынбасары (2009-2013); «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалының төрағасы (2013-2016).

Қазіргі лауазымын 2016 жылдан атқарып келеді.

34 жыл бұрын (1984) «Атамекен Одағы» Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасының жастар кәсіпкерлігі департаментінің директоры ТҰРЛЫХАНОВ Рахат Қайратұлы дүниеге келген.

Ол Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, хадықаралық қатынастар (2004); Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ ұлттық басқару академиясын, мұнай бизнесі (2005); Вестминстер университетінің (Лондон қаласы) магистратурасын, бүкіләлемдік бизнес және менеджмент мамандығы бойынша (2008) бітірген.

Еңбек жолы: Предгорный мұнай базасының директоры (2004-2005); «БНТР» ЖШС директоры (2003-2005); Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігінің үшінші хатшысы (2008-2010); «Жастар - салауатты өмір салты үшін» ұйымының төрағасы (2010-2012).

Қазіргі лауазымын 2012 жылдың қыркүйегінен атқарып келеді.  

227 жыл бұрын (1791-1864) ағылшын физигі және химигі, электр магниттік өріс туралы ілімнің негізін салушы  Майкл ФАРАДЕЙ дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар