+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

22 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 22 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
22 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 22 қыркүйекке. арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Бүкіләлемдік автокөлікті пайдаланбау күні

Автокөлікті пайдаланбау күнін өткізу идеясы 1998 жылы Францияда дүниеге келді. Сол кезде бұл шараға жиырма шақты қала ғана қатысты. Ал 2001 жылы бұл қозғалысқа 35 елдің мыңдаған қаласы қосылды.

Бұл күні Еуропаның ірі қалалары автокөлікті пайдалануын қысқартады, қала ішінде трамваймен, троллейбуспен, автобуспен, метромен және де қоғамдық көліктің басқа түрлерімен, сонымен қатар жаяу жүреді немесе велосипедті пайдаланады.

Дүниежүзілік пілдерді қорғау күні

Экологиялық мерекелердің бірі көптеген елдерде атап өтіледі. Құқық қорғау ұйымдарының, экологтардың және осы жануар санының азайып кетуіне алаңдаған адамдардың бастамасымен белгіленді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1920 жылы Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің жаңа декретімен Орынбор губерниясы Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрамына қосылып, Орынбор қаласы республиканың астанасы болды.

1934 жылы Қазақ тау-металлургия институты (қазіргі Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) құрылды. 1960 жылы атауы Қазақ политехникалық институты болып өзгертілді, 1970 жылы оған В.Ленин есімі берілді.

1994 жылы қаңтарда В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ Қазақ ұлттық техникалық университеті деп аталды. Еліміздің инженер-техникалық кадрларын дайындау ісіне қосқан қомақты үлесі ескеріліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі Қаулысымен Қазақ ұлттық техникалық университетіне қазақтың даңқты ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.

1989 жылы «Тілдер туралы» Заң қабылданды. Бұл сол кезде әлі егемендігін алмаған Қазақстанның ана тілі туралы алғашқы құжаты еді.

Осыдан кейін 1997 жылы Қазақстанда «Тіл туралы» жаңа заң қабылданды.

1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы ноталар алмасты.

2001 жылы Қазақстанға мемлекеттік іссапармен келген Рим папасы Иоанн Павел II-ні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әуежайында қарсы алды.

2005 жылы Алматыда Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің ғимаратында Қазақстанның Олимпиада чемпиондарына арналған ескерткіш пошта маркаларын басу салтанаты болды.

«Спорт» сериясының «Қазақстанның Олимпиада чемпиондары» маркалары алғаш рет шығарылды. Әр блок төрт маркадан құралды, маркаларға Олимпиада ойындарының чемпиондары классикалық күрестен – Жақсылық Үшкемпіров, жеңіл атлетикадан – Виталий Савин, бокстан – Василий Жиров және Бекзат Саттархановтардың бейнесі түсірілді. Суретшісі – Данияр Мұхамеджанов. Маркалардың жалпы таралымы – 50 мың дана. Маркалар Бейжіңдегі пошта төлем белгілері фабрикасында шығарылды.

2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентте Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанатына қатысты. Ескерткіш Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би атындағы көшелердің қиылысында орналасқан «Ордабасы» алаңында бой көтерді. Биіктігі 24 метрлік үш қырлы стелла ел халқының бірлігін бейнелейді, монументтің әр қырына дана билердің сөздері қашап жазылған. Монументтің ұшар басына «Жер-Ана» мүсіні орнатылған. Стелланың іргесі ою-өрнектермен безендірілген. Монумент авторлары - Насыр Рүстемов пен Бақытжан Әшірбаев.

2011 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік бойынша жоғары деңгейдегі отырысқа қатысты.

БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде өткен отырысқа БҰҰ-ға мүше мемлекеттер: АҚШ, Ресей, Қазақстан, Франция, Корея Республикасы, Жапония, Бразилия және т.б. елдердің басшылары қатысты.

2015 жылы Қазақстанның батысында ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Қазақстандағы халық көтерілісінің басшысы Исатай Таймановқа ескерткіш ашылды. Ескерткіш Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарының шекарасында орнатылды. Исатай Тайманұлының қабірі ескерткіштен 15 шақырым жерде орналасқан, ол жерге мавзолей салынды.

2015 жылы «ҚазАқпарат» ХАА мен «Жэньминь жибао» газеті өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа сәйкес тараптар «Бір белдеу, бір жол» жобасы және «Нұрлы жол» бағдарламасын ақпараттық сүймелдеп, ынтымақтасатын болады.

2016 жылы Гаага қаласының (Нидерланды) мэриясында «Қазақстан – Ұлы дала елі» фотосуреттер көрмесі ашылды. Оны Қазақстанның Нидерландыдағы елшілігі қала билігімен бірлесіп ұйымдастырды. Голланд халқын Астананың керемет сәулеткерлік шешімі – Бәйтерек монументі, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Astana Opera театрының ғимараты, Әзірет Сұлтан мешіті, т.б. ерекше тәнті етті.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Нигер Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

2017 жылы Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай Семейде Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші ашылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT