22 қазанда ел аумағының басым бөлігінде жел тұрып, тұман түседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 21 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігіне кең алқапты антициклон әсеріне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы, кей жерлерінде жауын-шашын жауады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман, солтүстікте көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, көктайғақ, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20 м/с, екпіні кей жерлерде 23-28 м/с.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында, түнде және таңертең Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Түнде Түркістан облысының кей жерлерінде үсік жүреді.

Соңғы жаңалықтар