22 қазан күні Қазақстанда өтетін шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 22 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Үкімет үйінде» кезекті Үкімет отырысы өтеді. Отырыста 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері қаралады.

10.00-де Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да ҚР Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдығына арналған «Ә. Нұрпейісов: шеберлік феномені» халықаралық конференциясы өтеді.

11.00-де «Нұр-Сұлтан-1» теміржол вокзалында «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Михаэль Кортюмның қатысуымен жаңа вагондардың таныстырылымы өтеді.

11.00-де Оқушылар сарайында «Жасыл ел» еңбек жасағының XV еңбек маусымының жабылуы өтеді.

12.00-де «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында сүйектері тез сынатын балаларды Қазақстанда емдеуге қатысты баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де қалалық мәслихат ғимаратында Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында танымал суретші-реставратор Қырым Алтынбектің кітаптары таныстырылады.

11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автокөлік саласындағы кәсіпорындары одағы баспасөз мәслихатын ұйымдастырады.

19.00-де Chaplin Mega кинотеатрында режиссер Рустам Әбеновтің «Балет внутри» деректі фильмі таныстырылады.

Соңғы жаңалықтар