+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

22 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 22 қараша 07:00
Бөлісіңіз:
22 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 22 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік ұл балалар күні

Мерекенің пайда болу тарихы белгісіз. Алайда бұл мереке бүкіл әлемде халықтың қолдауына ие болды, себебі барлық ата-аналар өз балаларына, ұлдарына - болашақ әкелерге бар жақсылықты тілейді, өмірлері махаббатқа жетістікке толы болса дейді. Сондықтан 22 қарашада көптеген ата-аналар ұлдарын айтулы мейраммен құттықтайды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1997 жылы Алматыда Қазақстан дәрігерлерінің І съезі өтті.

1998 жылы Алматыда ақын Хамит Ерғалиев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

2011 жылы Қарағандыда Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай қала орталығындағы алаңға Тәуелсіздік монументі орнатылды. Монументтің биіктігі - 47 метр, салмағы - 16 тонна.

2012 жылы Халықаралық көрмелер бюросының 161 мүше-мемлекеті өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында Астана бельгиялық Льеж қаласын басып озып, ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізетін қала болып таңдалды.

Қазақстан елордасы ұсынған тақырып - «Болашақ энергиясы» - энергияның баламалы көздеріне және «жасыл» технологияларға арналған.

Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілген алғашқы халықаралық көрме болды.

2014 жылы Қазақстанда жасалған жүк тепловозы Ашхабадқа экспортқа жөнелтілді.

2016 жылы Астанада «Қазақстанда жасалған» брендін басқару агенттігі құрылды. Оның аясында «Халық маркасы» 100 ұлттық брендті құру жобасы іске қосылды. Аталмыш жобаға танымал әртістер, спортшылар мен депутаттар да тартылды. Жаңа 100 ұлттық бренд тамақ өнеркәсібі, жиһаз, үй қажеттіліктері, киім-кешек және аяқ киім салаларында пайда болды.

2016 жылы Маңғыстау облысының тұрғыны ХІІ-ХІІІ ғасырлардың алтын тиындарын тауып алды. Алтын тиындар хорезмшах әулетіне тиесілі болуы мүмкін.

2017 жылы Сеулде өткен гір тасын көтеру спортынан Әлем чемпионатында көкшетаулық Борис Нұғманов 70-74 жас аралығындағы ардагерлер санатында әлемнің абсолют чемпионы атанды. Ол жұлқи көтеруден алдына жан салмады.

2018 жылы танымал отандық химик ғалым Зұлқайыр Мансұровқа ЮНЕСКО-ның «Наноғылым мен нанотехнологиялар дамуына қосқан үлесі үшін» медалі табысталды. Марапаттау рәсімі аталған ұйымның Париждегі бас пәтерінде өтті.

Медаль тұжырымдамасын 2010 жылы ЮНЕСКО Бас директоры бекітіп, сол кезден бері ол жыл сайын осы саладағы әлемдік ғылымның алға басуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар мен ұйымдарға беріледі. Отандық ғалым биыл өзінің «нанокөміртек материалдарын өңдеу, көміртекті нанотүтіктер мен графендерді жану күйінде синтездеу технологияларына зерттеуге қосқан үлесі» үшін марапатталды.

https://www.inform.kz/ru/kazahstanskiy-uchenyy-himik-udostoen-prestizhnoy-nagrady-yunesko_a3463831

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT