+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

22 ақпан. Туған күн иелері

2020 жылғы 22 ақпан 08:08
Бөлісіңіз:
22 ақпан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 22 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


98 жыл бұрын (1922-1978) кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966), Екінші дүниежүзілік соғыст ардагері Мәжит Сапарғалиұлы БЕГАЛИН дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. 1948 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген.

1950-1978 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында режисер болып, өз замандастары туралы «Бұл Шұғылада болған еді» (1955), «Жерге қайта М.Бегалинның оралуы» (1959), «Тұлпардың ізі» (1964) көркем фильмдерді қойды. Ш. Уәлиханов туралы «Оның күні туады» (1957), Б.Момышұлы жайында «Артымызда Мәскеу» сценарий авторы (1967).

1968 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өткен Орта Азия мен Қазақстан кино өнері байқауының бас жүлдесі мен 1-дәрежелі дипломы иегері. М. Мәметова туралы «Мәншүк туралы баллада» (1969) секілді тарихи-ғұмырнамалық фильмі Бегалиннің режиссерлік шеберлігін танытты. 1970 жылы Минск қаласында өткен Бүкілодақтық кинобәйгедегі КСРО Қорғаныс минстрлігінің бас жүлдесі иегері. Ресми шығармашылығы туралы «Мажит Бегалин» атты деректі фильм (1981) түсірілген. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

59 жыл бұрын (1961) «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ президенті Альмира Ізбасарқызы ТӘЖІҒҰЛОВА дүниеге келген.

Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын «Автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолын Қазақ КСР МинВУЗы бас ақпараттық-есептеу орталығының инженері, аға инженері ретінде бастады. Ақпаратты өңдеу аймақтық орталығы директорының орынбасары (2000 жылдан), «Ұлттық ақпаратандыру орталығы» АҚ вице-президенті (2007 жылдан).

Қазіргі қызметінде – 2013 жылдан бастап.


58 жыл бұрын (1962) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Жанат Бостанұлы ҚҰРМАНОВ дүниеге келген.

Қарағанды қаласында туған.

1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін физика мамандығы бойынша аяқтады. 1996 жылы Мәскеу қаласында Экономика, менеджмент және құқық институтын экономист мамандығы (мамандануы - банк ісі) бойынша тәмәмдады. 2017 жылы бизнес мектептің бағдарламасы бойынша диплом қорғап, Оксфорд университетін бітірді.

Еңбек жолын 1985 жылы ҚазКСР ҒА Ядролық физика институтында инженер болып бастады. 1988-1996 жылдары Бірлескен ядролық зерттеулер институтында (Дубна, Ресей Федерациясы) жұмыс істеді. 1994 және 1995 жылдары Пенсильвания штатының (АҚШ) университетінде жұмыс істеді. 1996 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасының қаржы нарығында жұмыс істейді. 1996 жылғы желтоқсан - 1999 жылғы желтоқсан аралығында «KBS» ЖҮАҚ-та қаржылық басқарма бастығы, қаржы жөніндегі вице-президент, жобаларды басқарушы болып жұмыс істеді. 1999 жылғы желтоқсан - 2002 жылғы шілде аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сақтандыруды қадағалау департаментінде және банктерді және сақтандыруды қадағалау департаментінде басшы лауазымдар атқарды. 2002 жылғы тамыз - 2007 жылғы ақпан аралығында «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ бас директоры, бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап 2016 жылғы қаңтар аралығында банк және сақтандыру секторларында, бағалы қағаздар нарығында бірқатар қаржылық және инфрақұрылымдық ұйымдарда директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2012 жылғы мамырдан бастап - «Қазақстан қор биржасы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2016 жылғы ақпан - 2017 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сақтандыру қадағалау департаментіне, банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаментіне басшылық етті. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болған.

Қазіргі лауазымын 2019 жылғы наурыздан бері атқарып келеді.


56 жыл бұрын (1964) ҚР Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жәмила Нүсіпжанқызы НҰРМАНБЕТОВА дүниеге келген.

Алматы облысында туған. 1981-1986 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, «философия» мамандығын үздік тәмамдады. 1986-1989 жылдары - КСРО ҒА философия институтының аспирантурасын (Мәскеу) бітірді.

Еңбек жолы: 1989-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі Философия және саясаттану институты әлеуметтік философия және этика бөлімінің аға лаборанты; ғылыми қызметкері, мәдениет философиясы және саясат бөлімінің ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, ғылым философиясы және техника бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 2000-2016 жылдары - Л.Н: Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, бірінші проректоры. 2016 жылдан қазіргі қызметінде.

«ҚР білім берудің құрметті қызметкері» (2001), «Ы.Алтынсариннің төсбелгі медалі (2008), «Құрмет» ордені (2008), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (2014), «10 жыл Астана» мерейтойлық медалі (2008), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT