22 ақпан. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 22 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null
ЕСІМДЕР

58 жыл бұрын (1961) «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ президенті Альмира Ізбасарқызы ТӘЖІҒҰЛОВА дүниеге келген.

Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын «Автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолын Қазақ КСР МинВУЗы бас ақпараттық-есептеу орталығының инженері, аға инженері ретінде бастады. Ақпаратты өңдеу аймақтық орталығы директорының орынбасары (2000 жылдан), «Ұлттық ақпаратандыру орталығы» АҚ вице-президенті (2007 жылдан).

Қазіргі қызметінде - 2013 жылдан бастап.

57 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жанат Бостанұлы ҚҰРМАНОВ дүниеге келген.

Қарағанды қаласында туған.

1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін физика мамандығы бойынша аяқтады. 1996 жылы Мәскеу қаласында Экономика, менеджмент және құқық институтын экономист мамандығы (мамандануы - банк ісі) бойынша тәмәмдады. 2017 жылы бизнес мектептің бағдарламасы бойынша диплом қорғап, Оксфорд университетін бітірді.

Еңбек жолын 1985 жылы ҚазКСР ҒА Ядролық физика институтында инженер болып бастады. 1988-1996 жылдары Бірлескен ядролық зерттеулер институтында (Дубна, Ресей Федерациясы) жұмыс істеді. 1994 және 1995 жылдары Пенсильвания штатының (АҚШ) университетінде жұмыс істеді. 1996 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасының қаржы нарығында жұмыс істейді. 1996 жылғы желтоқсан - 1999 жылғы желтоқсан аралығында «KBS» ЖҮАҚ-та қаржылық басқарма бастығы, қаржы жөніндегі вице-президент, жобаларды басқарушы болып жұмыс істеді. 1999 жылғы желтоқсан - 2002 жылғы шілде аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сақтандыруды қадағалау департаментінде және банктерді және сақтандыруды қадағалау департаментінде басшы лауазымдар атқарды. 2002 жылғы тамыз - 2007 жылғы ақпан аралығында «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ бас директоры, бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап 2016 жылғы қаңтар аралығында банк және сақтандыру секторларында, бағалы қағаздар нарығында бірқатар қаржылық және инфрақұрылымдық ұйымдарда директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2012 жылғы мамырдан бастап - «Қазақстан қор биржасы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2016 жылғы ақпан - 2017 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сақтандыру қадағалау департаментіне, банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаментіне басшылық етті. Қазіргі лауазымын 2017 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.
55 жыл
бұрын (1964) ҚР Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жәмила Нүсіпжанқызы НҰРМАНБЕТОВА дүниеге келген.

Алматы облысында туған. 1981-1986 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, «философия» мамандығын үздік тәмамдады. 1986-1989 жылдары - КСРО ҒА философия институтының аспирантурасын (Мәскеу) бітірді.

Еңбек жолы: 1989-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі Философия және саясаттану институты әлеуметтік философия және этика бөлімінің аға лаборанты; ғылыми қызметкері, мәдениет философиясы және саясат бөлімінің ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, ғылым философиясы және техника бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 2000-2016 жылдары - Л.Н: Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, бірінші проректоры. 2016 жылдан қазіргі қызметінде.

«ҚР білім берудің құрметті қызметкері» (2001), «Ы.Алтынсариннің төсбелгі медалі (2008), «Құрмет» ордені (2008), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (2014), «10 жыл Астана» мерейтойлық медалі (2008), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015).

Соңғы жаңалықтар