22 ақпан күні елордада болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 ақпан күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де №6 қалалық емханада Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырады.

11.00-де «Сотталғандармен тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты ұйымдастыру туралы» онлайн-брифинг өтеді. Спикер: Мұңайтпасова Бибігүл Серікқызы - ҚАЖ комитетінің басқарма бастығы.

14.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және карантин режимінің сақталуы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова; Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Айтмағамбетов.

Онлайн баспасөз конференциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook -тегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.

Соңғы жаңалықтар