22 ақпан күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 22 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) жауады. Батыста жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан жоғары болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, түнде – найзағай болжанады, желдің күші 15-20, түнде және таңертең 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с артады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с екпінде жел болжанады.

Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Соңғы жаңалықтар