+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

22 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 22 ақпан 07:00
Бөлісіңіз:
22 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 22 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық қылмыс құрбандарына қолдау көрсету күні

1990 жылғы ақпанның 22-інде Англияның үкіметі «Қылмыс құрбандарының хартиясын» жариялады. 1985 жылы қыркүйекте БҰҰ-ның жетінші конгресі қылмыс құрбандары мен билікті пайдаланғандар үшін Әділеттіліктің маңызды қағидалары декларациясын бекітті. Осы жылдың 29 қарашасында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бұл Декларацияны қабылдады. Жыл сайын атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алматы облысы аумағында Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркі құрылды. Парк Шамалған өзенінен Түрген өзеніне дейін созылып жатыр. Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан. Паркте өсімдіктің 1200-ден аса түрі өседі. Оның 36-сы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Омыртқасыздардың 1500, омыртқалы жануарлардың 213 түрі тіршілік етеді. Соның ішінде сүтқоректілердің 47, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 2, балықтың 8, құстың 148 түрі бар. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген сүтқоректілерден: Орта Азия тас сусары, барыс, сілеусін, Тянь Шань арқары, үнді жайрасы, сабаншы тіршілік етеді. Құстардан: бүркіт, сақалтай, жұртшы, ителгі, құмай, бидайық, орақтұмсық; балықтан: патшабалық (бақтақ) бар.

2005 жылы Қазақстанда жаңа аймақтық қоғамдық бірлестік - Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіптік одағы құрылды. Одақты құру туралы шешім ақпанның 22-сінде Атырауда өткен кәсіподақтық конференцияда қабылданды. Жаңа кәсіподақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен және мұнай саласында жұмыс істейтін басқа да республикалық шаруашылық құрылымдармен, атқарушы өкімет органдарымен өзара іс-қимылды басымдықты мәселе ретінде қарастырып, олармен тарифтік келісім жасады. Жаңа бірлестіктің қызметі Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қазақстанның басқа да облыстарындағы мұнай-газ кәсіпорындарының кәсіподақ ұйымдарын қамтиды.

2006 жылы Астанада Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен әйелдердің бірінші Еуразиялық саммиті өтті. Оған АҚШ, Норвегия, Германия, Испания, Болгария, Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан сияқты әлемнің 20-дан астам елдерінің қоғамдық, саяси және сауда ұйымдарының 400-ге жуық жетекшісі мен өкілдері қатысты. Жиында әйелдердің қоғамдағы саяси мәселелерге ықпалы, жаһандану процесіндегі әйелдердің экономикалық мүмкіндіктері, әйелдер мен отбасының әлеуметтік мәртебесі сияқты бірқатар маңызды мәселелер талқыланған.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.

2007 жылы Алматы қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде ҚазШах ойынына арналған шахмат клубы ашылды. Ойынның авторлық құқығы патенттелген және ол Азат Байсеркеевке тиесілі. Мамандар ҚазШах-ты үшінші мыңжылдықта адамзат баласы ойлап тапқан ең интеллектуалды жаңа ойындардың бірі деп санайды. Өнертапқыштың айтуынша, бұл ойынның классикалық шахматтан айырмашылығы онда 128 торкөз бар, фигуралары төрт түсті және және 4 адам, екі командаға бөлініп те ойнай алады.

2010 жылы Астананың мемлекеттік архивіне Ресей Қорғаныс министрлігінің Орталық архиві Екінші дүниежүзілік соғысқа бұрынғы Ақмоладан барған атқыштар дивизиялары жайындағы бірқатар құнды құжаттарды берді.

2012 жылы Алматы қаласындағы №120 гимназияда танымал қазақстандық режиссер, сценарийші және актер Мәжит Бегалиннің мұражайы ашылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жәдігерлер арасында әйгілі кино саңлағының тұтынған заттары мен киімдері де бар.

Мәжит Сапарғалиұлы Бегалин 1922 жылы 22 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Дегелең ауылында өмірге келген. 1978 жылы 5 мамырда Алматыда 56 жасында дүниеден озды.

2016 жылы «National Geographic» журналының қазақ тіліндегі алғашқы саны жарыққа шықты. Бұл - елімізде мемлекеттік тілде таралатын тұңғыш шетелдік басылым. Басылымның алғашқы санында Қазақстандағы өзекті экологиялық проблемаларға назар аударылды. «Арал тағдыры - адам тағдыры» деп аталатын мақалада ғаламшарымыздың ең үлкен су қоймасы, Орталық Азияның маңызды стратегиялық нысаны - Арал теңізінің бүгінгі жай-күйі баяндалған.

2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Еуропадағы жанжалдарға арналған отырысы аясында Астана қаласы бұл жанжалдарды дипломатиялық жолмен шешуге арналған қосымша алаң ретінде ұсынылды.

2017 жылы Қырғызстандағы қазақ диаспорасының бастамасымен республикада алғаш рет қазақ тілінде «Ағайын» журналы жарық көрді. Басылымның құрылтайшысы - Қырғызстандағы белгілі дәрігер Болат Шалабаев.

2018 жылы Астанада Әйелдер күресі академиясы ашылды. Спорттық кешеннің ашылуына Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы мұрындық болған.

2019 жылы Мысырдың Egyptsat-A спутнигін орбитаға алып шығатын «Союз-2» тасымалдаушы зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы жылы аясында Ташкенттегі «Тимур әулетінің тарихы» мемлекеттік мұражайында «Ұлы Дала мұрасы» атты көрме ашылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT