22.02.2022: Алматыда қанша жұп неке қидырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін, 22 ақпан күні мегаполисте 266 жұп отбасын құрады. Бұл туралы Алматы қалалық Әділет департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүгін некесін қидыруға ниет білдіргендердің саны қарапайым күндермен салыстырғанда 2,5 есе көп болған.

«Алматы қаласында орналасқан сегіз АХАЖ бөлімі жас жұбайларға толы. Бүгін 266 жұп неке қидырады. Бұл қарапайым күндермен салыстырғанда 2,5 есе көп. Бізде күніне 20-дан 100- ге дейін тіркейтін.

Жас жұбайлар осындай ерекше үйлескен сандары бар күнді таңдайды. Көп адам 22.02.2022 күннің таңғажайып екеніне сенімді. Сондықтан ерекше назар аударады»,- деп атап өтті департаменттен.


Соңғы жаңалықтар